ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

20:35, 26 ақпан 2020

Шағын кәсіпкерлік субъектілері табыс салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Бұдан бөлек тексеруге мораторий жарияланбақ. Кәсіпкерліктің дамуын көздеген жаңа салық заңнамасындағы өзгеріс, толықтырулар Қостанайда өткен республикалық семинарда талқыға түсті. Басқосуға кәсіпкерлер мен салық комитетінің қызметкерлері, кеден департаментінің өкілдері қатысты.

Биыл  күшіне енген жаңа салық кодексінің артықшылығы –  кәсіпкерлер мүддесінің қорғалуында. 2020 жылдан микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықты төлеуден 3 жылға бостылады. Осыған байланысты Қостанайдағы кіріс департаментінің мамандары аймақ  кәсіпкерлерін жинап, семинар өткізді. Кеңейтілген жиында, Нұр-Сұлтан қаласынан келген мамандар салық төлеушілерге жаңа шарт-талаптар жайлы түсіндірді.

Кіріс комитеті мамандарының айтуынша, елімізде 1млн. 600 мыңдай шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Президент тапсырмасына сәйкес, олардың  75 пайызы салықтан босатылады.  Ел бюджеті шамамен 300 млрд. теңгеден қағылады.

Семинарда оңалту, банкроттық саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер де тәптіштеп түсіндірілді.

Жиын барысында жаңашылдық жағы да қамтылды. Яғни, салық органына төлемдер туралы мәліметтерді автоматты түрде жеткізіп отыратын онлайн қадағалау-касса аппаратын міндетті түрде орнату мәселесі айтылды. Бұл  көлеңкелі экономикамен күресті күшейтіп, салық есебін  жеңілдету мақсатын көздейді.

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылады
20:35, 6 сәуір 2020
Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан боса...
Толығырақ...
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:32, 2 сәуір 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...