ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ БАСТАЛДЫ

20:30, 11 сәуір 2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Екі күнге созылатын сапардың кестесі өте тығыз. Бүгін Президент төрт бірдей нысанға соғып, өңірдің экономикалық, әлеуметтік жағдайымен танысты. Алдымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында болып, аймақтың іскер азаматтарымен кездесті. Қазіргі таңда облыс көлемінде 51 мыңдай адам өз кәсібімен айналысып, дөңгелетіп отыр. Бұдан бөлек тағы мыңнан аса азамат «Бизнес бастау» бағдарламасымен білім алып, білігін жетілдірген. Өңір басшылығы дамудың тағы қандай бағыттарына басымдық беріп отыр. Шынар Асанқызы Ақтаудан хабарлайды.

Егер қап толы қазынаның үстінде отырған үш өңір болса соның бірі Маңғыстау. Қазақстан мұнайының шамамен 25 пайызы осында. Жылына он сегіз миллион тонна мұнай мен үш миллиард текше метр табиғи газ шығарады. Дамуы ерекше қарқынды. Президенттің аймаққа ат басын бұруы сондықтан болса керек.

Маңғыстау мұнайлы өлке ғана емес, бизнестің дамуына да қолайлы өңір.Ризықтың оннан тоғызы саудада. Алты боталы түйесі бар Көмекбай шұбат сатумен-ақ тұрмысын түзеп отыр.Әрине мемлекеттен берілетін төмен пайызды несиенің де көмегі бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын да тексеріп шықты.

Қазақстандагы ғана емес, бүкіл Каспий аймагындагы ірі порттардың бірі. Бес жүз адам жұмыс істейді. Мемлекет басшысы айлаққа арнайы барып, олармен де кездесті.

Теңізі бар елде теңізші маманы даярланбаса өзімізге сын. Біздегі осы олқылықтың орнын Ақтау теңіз академиясы толтырып тұр. Еліміздегі теңізшілер даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Тіпті Орта Азия елдерінен келіп оқитындар бар. Қасым Жомарт Тоқаев болашақ теңізшілермен де әңгімелесті.

Академияның материалдық базасының мықтылығы сол, теңіз көрмей өскен баланың өзі нағыз теңізші болып шығады.

Өйткені, кеменің жылдамдығы, қай жерде тұрғаны, судың тереңдігі тіпті, алапат толқынды да сезінуге болады.

Мемлекет басшысының сапары ертең де жалғаспақшы. Ертең де маңғыстаулықтар үшін маңызды күн. Өйткені, Президент қала жұртшылығымен бетпе бет жүздеспекші.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
20:30, 7 маусым 2019
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
20:32, 30 мамыр 2019
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕР ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ
20:44, 29 мамыр 2019
БАНКРОТТЫҚ РӘСІМДЕР ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...