ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

20:30, 2 қыркүйек 2019

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет ел халқына жолдауын жариялады. Тоқаев қазіргі таңда қоғамда өзекті болып тұрған мәселелерді қозғап, оларды шешуді жауапты мекемелерге жүктеді. Негізінен экономикалық жағдайды жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты бастамаларға басымдық берді. Мәселен көпшілікті алаңдатқан қосымша 5 пайыздық зейнетақы жарнасы 4 жылға шегерілді. Шағын бизнеске 3 жылға салықтық жеңілдік берілді. Ал, әкімдердің жұмысына жергілікті жұртшылық бағасын беретін болады, егер халықтың 30 пайызының көңілі толмаса шенділер орнын босатуы мүмкін.

Халықты мазалайтын мәселелер көшеде емес, парламентте талқылануы тиіс. Шешімін де осы арадан тапқаны абзал. Өйткені, қарапайым халыққа қарағанда депутаттың үні Үкіметке тезірек жетеді дейді Президент.Содан да болар, алғашқы Жолдауын Парламентке келіп өткізді. Конституцияға сәйкес, біздің азаматтарымыз кез келген жағдайға өз пікірін ашық білдіруі тиіс. Президент бейбіт акцияларға заң бойынша рұқсат берілуі керек деді. Бірақ бұл өре түрегеліп ереуілге шығу деген сөз емес. Митингтің де өз мәдениеті бар.

Қауіпсіздік саласында бізде басы ашылмаған біраз дүние бар. Арыстағы жағдай қарулы күштердің қордаланып қалған мәселесін көрсетіп берді. Ішкі істер саласында да Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта қарау күн тәртібінде тұр. Президент саланы реформалауға 173 млрд. теңге бөлінетінін айтты. Және бірқатар ауыр қылмыс түріне жазаны қатаңдатуды тапсырды.

Мемлекет халықты әлеуметтік қолдауға арналған қаражатты 2017 жылдан бері 17 есеге арттырыпты. Бірақ, ел ішінде «Ебін тауып ала берсем, жей берсем» деген жатыпішерлік түсініктен арылмағандар әлі бар.

Мұны мемлекетке масыл болу деуден басқа амал жоқ. Одан құтылудың басты амалы шағын және орта бизнесті дамыту. Мемлекет оған да жағдай жасамақшы. Ұлттық қордан бұл мақсатқа 100 миллиард теңгедей қаржы бөлінді.

Есеп комитетіне жүктелген тағы бір міндет, алдағы үш айда елдегі мемлекеттік компаниялардың жұмыс тиімділігі жан-жақты зерттеледі. Қажет деп табылса, қысқартылады. Өйткені, квазимемлекеттік компаниялар көбіне бір алаңда өзара бәсекеге түсіп жатады. Мысалы, тұрғын үй саясаты саласында жеті бірдей мемлекеттік оператор жұмыс істейді екен. Сондай-ақ, Үкімет тариф пен бағаны реттеу мәселесін де мықтап қолға алуы тиіс.

Ал, зейнетақы қорындағы қаржыға қатысты Президент халыққа жағымды жаңалықтың ұшын шығарды. Бүгінде қорда қазақстандықтардың 10 триллионнан астам қаржысы бар. Оны тек зейнетке шыққан кезде ғана алуға рұқсат. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тәртіпке өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Реформаны тек реформа үшін жүргізбеу керек. Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмысын дәлелдейдін көрсеткіші болуы тиіс. Әйтпесе, жұмысымен қош айтыса беруіне болады. Ал, Президент уәденің адамымын дейді.

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...