ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: 50 МЫҢНАН АСТАМ НЕСИЕЛІК ҚАРЫЗ КЕШІРІЛДІ

20:46, 3 қыркүйек 2019

Еліміздің 1 миллион 200 мың азаматына қарызын өтеу үшін мемелекет тарапынан қолдау көресетілді. Қазақстандықтардың 33,6 млрд теңге көлемінде кепілсіз тұтынушы несиелерінің қарызы кешірілді. Бұл көмекті Қостанай облысының 50 мыңнан астам тұрғыны да алды. Президенттің тапсырмасы бойынша сондай-ақ, әлеуметтік жағынан осал адамдардың қарызы 300 мың теңгеге дейін кешірілмек.

2019 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушы несиелерінің қарызы бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында бір жолғы төлем туралы Жарлыққа қол қойды. Қарыздарды кешіру шарасына барлық кепілсіз тұтынушы несиелері бар азаматтар қатыса алады. Бүгінде банктік ұйымдар 1 млн 200 мың адамның 33,6 млрд теңге көлеміндегі қарызын кешірді.

Жарлық үш бағытқа бөлінді. Олардың әрқайсысы үшін өз жағдайлары мен шектеулері бар. Алғашқы бағыт айыппұл мен өсімпұлды есептен шығару болса, екінші бағыт жалпы қарызды әлеуметтік жағынан осал адамдарға өтеу. Атап айтқанда :

  • көп балалы отбасылар;
  • асыраушысынан айрылған, мүгедек баласы бар отбасылар;
  • 18 жастан үлкен бала кезінен мүгедектер;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылғандар.

Тізім еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде бекітілген. Бұған сіздің қатыса алатыныңзды электронды үкіметтен қарауға болады. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңбаңыз болуы қажет.

Үшінші бағыт қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту.Сонымен бірге қарыздың жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша үш миллион теңгеден аспауы тиіс. Осылайша, қарыздың бір бөлігі жабылады. Несиелік амнистияны жүзеге асыру үшін 105 млрд. теңге қажет.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар