ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАУЫ

20:29, 15 мамыр 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-Министрін қабылдады. Мемлекет басшысы Мамука Бахтадзені Грузияның тәуелсіздігі күнімен құттықтап, достас грузин халқына жақсылық пен бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын атап өтіп, дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан бастап, оны дамытуға өзі тікелей атсалысқанын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузия экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Бүгінге дейінгі салынған инвестицияның жалпы көлемі 450 миллион доллардан асқан. Кездесу барысында сауда-экономикалық, гуманитарлық, туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар көлік-транзиттік, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау және Құрық порттары арқылы қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Тақырып бойынша материалдар

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЕРЕК
20:37, 24 мамыр 2019
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...