ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ПАРЛАМЕНТ 83 ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

20:02, 5 шілде 2019

Парламент депутаттары каникулға кетті.Бүгін қос палатаның бірлескен отырысы өтіп, онда алтыншы шақырымының төртінші сессиясы қорытындыланды. Осы аралықта маңызды заң жобалары қабылданып, өзекті 319 депутаттық сауал жолданды.

Төртінші сессия маңызды оқиғаларға толы болды. Парламенттің алдында зор әрі абыройлы жауапкершілік бар. Ол сапалы, халыққа қажетті заң жобаларын қабылдау. Сессия барысында қос палатаның 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің 41 және Сенаттың 26 жалпы отырысы өтті. Онда 319 маңызды мәселе қаралды. Жалпы, төртінші сессия басталған кезден 83 заң жобасы қабылданды. Оның ішінде 82 құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енді.
 

Парламент пен Үкімет өзара тиімді жұмыс істеді. Алайда кемшін тұстар да жоқ емес. Үкімет заңдардың сапасына баса көңіл бөлуі тиіс.  
 

Каникул аяқталған соң Парламент Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 10 бағытты басшылыққа алып жұмысын жалғастырады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс, сондай-ақ жаңа Экологиялық кодексті қабылдау бірінші кезектегі маңызды жұмыстардың бірі. Бұған қоса, педагог мәртебесі туралы және мәдениет мәселелеріне арналған заңдары бар. Қоржында 34 заң жобасы жатыр.
 

Алдағы сессияда Парламентте тарихи маңызы зор ірі халықаралық шара өтеді. Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің төртінші форумын өткізу мәртебесі біздің елде. Қазақстанның атақ-абыройын асқақтатаыны белгілі. «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын маңызды жиынға 60-тан астам елдің парламент басшысы қатысады, сонымен бірге, 16 халықаралық және парламенттік ұйым төрағалары келеді деп күтілуде.
 

Енді олар Қазақстанның барлық өңірін аралайды, сіздерде мазалаған мәселе болса, кездесіп, түйткілдеріңізді шешуге мүкіндік бар.Өйткені Парламент халық үшін әрдайым ашық

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...