ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

20:26, 26 ақпан 2020

Елімізде отандық автокөліктерге деген сұраныс артқан. Соның арқасында өндіріс көлемі де айтарлықтай өсті. Мысалы Қостанайдағы автозауытта былтыр 26 мыңға жуық көлік құрастырылды. Бұл 2018-ші жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Ал Өскемендегі машина жасаушы кәсіпорын отандық нарықтың 30 процентін қамтиды. Өзімізде жасалған көліктерге сұраныстың өсуіне не себеп және оның елге пайдасы қандай? Дәуренбек Әбдібек әңгімелейді.

Дәулет Нысанбаевтың  осы  кәсіпорыннда жұмыс істегеніне 6 жыл. Бастапқыда өзге де жергілікті мамандармен бірге Қытайдағы зауытқа барып тәжірибе жинап қайтқан. Қазір кәнігі шеберлердің бірі. Ол басқаратын дәнекерлеу цехында тәулігіне 16 көліктің қорабы құрастырылады.  Жалпы өндірісте 1300 адам еңбек етеді. Зауыт оларға тек жалақы төлеумен шектелмей әлеуметтік жағынан да жан-жақты қолдау көрсетеді.

Қостанай зауытынан әлемдік бренд саналатын көліктердің жеті түрі шығарылады. Алғашқы ашылғанда тек дайын бөлшектер құрастырылатын. Бүгінде жұмыс дәнекерлеу мен сырлаудан басталады. Яғни өнімнің отандық үлесі артқан. Сонымен қатар өндіріс ауқымы да еселеп өсуде. Мысалы биыл желіден шығатын көлік санын 50 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ал Өскемендегі зауытта алғашында   «Нива» көліктері ғана құрастырылған. 2005 жылдан  өзге де әлемдік брендтер өндіріле бастады.  Бүгінде 4 маркалы көліктің 30-ға жуық үлгісі шығарылады. Кәсіпорында 700 адам жұмыс істейді. Отандық өндіріске қазіргі заманға сай жаңашылдық та да жат емес.  Соның бірі көлікті телефон арқылы бақылауға мүмкіндік беретін телематикалық күзет-қызметтік жүйесі.

Осының бәрі ішкі, сыртқы нарықта бәсекелестікке төтеп беріп, автомобиль өндірісінің алға басуына мүмкіндік тудырып отыр. Ал өндірістің дамуы мыңдаған жұмыс орындары ашылып, алдымен елдің әлеуметтік ахуалын түзеуге сеп болары анық.  

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан босатылады
20:35, 6 сәуір 2020
Шағын және орта бизнес жыл соңына дейін мүлік салығынан боса...
Толығырақ...
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:32, 2 сәуір 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...