ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОРМАН ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА 206 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

18:06, 16 сәуір 2018

Сарыкөл, Қамысты, Денисов және Федоров аудандарына қарасты кейбір елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері жоқ. Бұл мәселені Төтенше жағдай департаменті жергілікті билікпен бірлесе шешетін болады. Облыс әкімдігінде өткен жиында дала өрттеріне қарсы іс - шаралар тізімі бекітілді. Биыл қызыл жалынмен күресуге бюджеттен 206 млн. теңге бөлінді.

Былтыр орман алқаптары аумағында 33 орман өрті тіркелді. Осындай олқылықтардың алдын алу үшін кешенді іс-шаралар жоспары  бекітілді. Облыс аумағында орман және дала өрттерін жою үшін құрама өрт сөндіру жасағы құрылды. Төтенше жағдай департаменті хабарлағандай,өрт сөндіргіштер мен қызыл жалынды ауыздықтауға  арналған техникалар  жеткілікті. 

Төтенше  жағдайды болдырмаудың басты мамалы- оның алдын алу. Тасжол және теміржол бойындағы жер телімдері - дала өрттерінің туындау қауіпі жоғары аймақтар болып саналады. Осы орайда тәуекел деңгейі жоғары аумақтар міндетті түрде есепке алынуы тиіс. Алайда, ..

2014 жылдан бастап 17 өрт бекеттері құрылды. Сарыкөл ауданының Маяк селосы, Қамысты ауданының Арқа селосы, Денисов ауданының Перелески селосы және Федоров ауданының Кенералы селосында өрт сөндіру бекеттері қарастырылмаған. Жергілікті билік органдарымен осы мәселе шешімін табатын болады.   Аймақ басшысы ойын-сауық орындарында өрт  қауіпсіздігі ережелерін сақтауды жіті бақылауда ұстауды  тағы  бір мәрте ескертті. Заңға қайшы әрекет еткендерге аяушылық танытпасын деді.

Орман өрттерін алдын алу және жоюға қазынадан 206 млн. теңге бөлінді.   Әулиекөл, Федоров және Сарыкөл аудандарында бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған.  Жиында жергілікті билік тізгіндеген тұлғаларға кемшіліктерді түзету тапсырылды.

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
20:33, 17 шілде 2018
АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
Толығырақ...
 ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:30, 17 шілде 2018
ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...