ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ – АУЫЛДАН БАСТАЛАДЫ

20:30, 22 сәуір 2019

Бүгінгі күні елімізде кәсіпкерлерді қолдау бағытында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар бар. Сондықтан қаржыландырудың тиімді тетіктерін қолдану керек. Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі осындай тапсырма берді. Мұнда Индустрияландыру картасы аясында бір ғана жоба жүзеге асырылған. Архимед Мұхамбетов және де Қостанай ауданына қарасты Октябрь ауылына барып, әлеуметтік нысандарды аралады. Аталған ауылда биыл ауқымды құрылыс жұмыстары қолға алынбақ.

Щербаков ауылындағы «Темте»   ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі бұл.   Мал өнімін өткізуден бөлек тәулігіне 500 литр қымыз өңделетін болады. Болашақта 13 адам еңбекпен қамтылмақ.  Инфрақұрылым тартылған. Кооперативке тек  қондығыларды орнату ғана қалды. Бірақ, оған қаржы жетпей тұр. Бұл мәселені мемлекет ұсынған тиімді несиелендіру жүйесі арқылы шешуді тапсырды облыс әкімі. Жалпы, ауданда 3 айда бірде бір жоба жүзеге асырылмаған.   

Бұдан кейін өңір басшысы Силантьев ауылындағы жиһаз цехына барды. Сұраныс бар, таспырыс көп. Жергілікті бизнесмен және де наубайхананы басқарады. Өнімнің жартысы  тұрақтандыру қоры арқылы Жітіқара  ауданына жөнелтіледі екен. 

Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі балалар шығармашалық үйіндегі роботехника  кабинетін айналып өтпеді.  Демеушілердің көмегімен ашылған кабинет 3 д принтер, жеке модельдерді құрастыруға арналған құрылғылар, робототехника жиынтықтарымен жабдықталған. Үйірмеге 85  бала қатысады. Техникалық шығармашылық өнердің бұл  түріне оқушылардың қызығушылығы зор екені байқалады.

Архимед Мұхамбетов мұнан соң Қостанай ауданына қарасты Октябрь селосындағы  орта мектепке барды. 1962 жылы негізі  қаланған нысан биыл   алғаш рет күрделі  жөндеуден өтпек. Қалпына келтіру шаралары мамыр айында бастау алады. Бюджеттен  337 млн теңге  бөлінеді. Нысанның шатыры ,  жылыту жүйелері толықтай жаңартылады.

Мектеп басшылығы кезінде қосымша салынған бөлмені денешынықтыру залы  қылып жабдықтағылары келген. Дегенмен, шәкірт саны аз болғандықтан бұл қосымша шығын келтіретінін айтты өңір басшысы. Архимед Мұхамбетов ауылдағы амбулаторияға барды. Үш мың  тұрғынға бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетіледі.  Болашақта  жаңадан  шағын емдеу бөлімшесін ашу жоспарланған. Бұған қолдау болатыны айтылды.  Биыл ауылда сол сияқты жодарды жөндеу жұмыстарына  да қаржы қарастырылған. 

Тақырып бойынша материалдар

«ЕВРАЗ КАСПИАН СТАЛЬ» КӘСІПОРНЫ  МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІН  АТАП ӨТТІ
20:07, 22 шілде 2019
«ЕВРАЗ КАСПИАН СТАЛЬ» КӘСІПОРНЫ МЕТАЛЛУРГТЕР КҮНІН АТАП ӨТ...
Толығырақ...
2020  ЖЫЛЫ  БАРЛЫҚ САУДАГЕРЛЕР  ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ- КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРҒА КӨШЕДІ
20:27, 19 шілде 2019
2020 ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ САУДАГЕРЛЕР ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ- КАССАЛЫҚ МАШ...
Толығырақ...
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
20:32, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...