ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

ӨҢІРДЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕУДЕ

18:05, 10 шілде 2018

Соңғы жылдары өңірімізде мемлекеттік жәрдемнің арқасында ірі қара тұқымын асылдандыруға ден қойған шарушалықтардың қатары артқан. Мәселен, Амангелді ауданында 2011-2017 жылдар аралығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 59 жоба игерілді. Шағын несие алып, бордақылау алаңын ашқан тұрғындар көбейді.

Боранбай Қойшымановтың шаруашылық ашқанына жиырма жылдан асты. Түлігінің санын көбейтіп, сапасын жақсарту оның көптен бергі арманы еді. Шаруаның ойын жүзеге асыруға мемлекеттік бағдарлама көмектесті.

2017 жылы аудан шаруаларына 300 млн теңге демеуқаржы берілген. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасы шеңберінде де кәсіп бастағандар саны артқан. Солардың бірі – Кеделбаевтар отбасы. Олар төмен пайызбен берілген 4 млн теңгеге 21 бас тайынша сатып алып, шағын мал бордақылау алаңын ашты.

Амангелді ауданы бойынша биыл табындарға 366 бас асылтұқымды бұқа қосу жоспарланған. Бұл – кемінде он мыңға жуық сиыр асылдандыруға қатыстырылды деген сөз. Былтыр ауданда 70 отбасыны біріктірген екі кооператив жұмысын бастады. Тек ғана сапа емес, сондай-ақ ірі-қараның саны да көбейгені байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда, Зеңгі баба тұқымы 120 пайызға өсіп, 40 мың басқа жеткен. Биыл Амангелді ауданының шаруаларына 1500 бас ірі-қараны етке тапсыру жоспары белгіленіп отыр.
 

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
20:30, 7 маусым 2019
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
20:32, 30 мамыр 2019
«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...