ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

20:30, 15 қазан 2018

Қостанай облысында астық науқаны аяқталуға жақын. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте айтты.

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде қажетті астық көлемі қамбаға құйылды. Биыл астықтың орташа шығымы гектарына 11,3 центнерден айналды. Егіс алқабының 89 пайызына жоғары сұрыпты тұқымдар себілген. Айта кетейік, диқандар алдын-ала белгіленген жоспардан сәл кешеуілдеді. Былтыр осы кезеңде 5,2 млн гектардың егіні орылып, бастырылған болатын. Егіс науқанына байланысты өңірге 71 мың тонна дизельдік отын жеткізілді. Дала жұмыстарына барлығы 23 мыңға тарта трактор, 9,6 мың комбайн, 840 егін себетін кешенді техника, 1 мың бүріккіш, 22 мың тұқым сепкіш техникалар жұмылдырылды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші 14 млн 861,7 мың гектар немесе  өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 98.7 пайызында астық орылып, бастырылды. 

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЗОР
18:05, 19 қараша 2018
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЗОР
Толығырақ...
САРЫКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
13:00, 19 қараша 2018
САРЫКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
ТАРАНДЫҚТАР ЕГІС НАУҚАНЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
20:33, 14 қараша 2018
ТАРАНДЫҚТАР ЕГІС НАУҚАНЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар