ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА КӨЛІК ЖОЛДАРЫ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ

20:32, 8 қаңтар 2019

Биылдан бастап облыс көлеміндегі 500 шақырымға жуық көлік жолы ақылы болмақ. Бұл аралыққа халықаралық маңызға ие «Алматы-Екатеринбург» бағытындағы тас жолы да кіреді. Бұдан бөлек, тағы қандай бағыттар үшін құн төленеді? Толығырақ тілші баяндап берсін.

Аймақта алғашқы ақылы бекеттер ағымдағы жылы қойылады. Тасжол үшін ақы алуды «Қайрақ» кеден бекеті бастайды. Әзірге, тек жүк көліктерінің жүргізушілері ғана пұл төлейді. Ақша сомасы көліктің салмағына байланысты болады. Ресей шекарасынан өткен жүк көліктері «Қостанай-Әулиекөл» жолындағы бекетке келіп тоқтайтын болады.

Қазіргі таңда Астана қаласынан басталатын «Астана-Троицк» бағытын ақылы ету шаралары жан-жақты талқылануда. Мамандардың сөзінше, мұндай шара республикалық бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту үшін тиімді болмақ. Айрықша айта кетейік, жеңіл көліктер жол үшін ақы төлемейді.

Жалпы, облыстағы ақылы жолдар екі бөліктен тұрады. Біріншісі - «Алматы-Екатеринбург» тасжолы. Екінші бағыт - «Қостанай-Әулиекөл-Қорған». Аталған жолдарда жол ақысын есептейтін бекеттерде автоматты таразылар орнатылады. Ақылы жолдардан түскен пайда облыстағы жолдарды жөндеуге жұмсалады.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«7 – 20 -25»: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
20:32, 20 наурыз 2019
«7 – 20 -25»: МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:37, 19 наурыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАДЫ
13:00, 20 наурыз 2019
Ә.БЕКМАҒАМБЕТОВ: ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ НЕГІЗІН...
Толығырақ...