ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

ОБЛЫСТА ЕГІННІҢ 43 ПАЙЫЗЫ ЖИНАЛДЫ

20:30, 13 қыркүйек 2018

Облыста егін орағы қызу жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін егіннің 43%-дан астамы жиналған. Бұл 1 млн 700 мың тонна астық қамбаға құйылды деген сөз. Мамандардың айтуынша, диқандар алдын-ала белгіленген жоспардан сәл кешеуілдеп келеді. Былтыр осы кезеңде 1,5 млн гектардың егіні орылып, бастырылған. Астықтың орташа шығымы гектарына 9,5 центнерден айналады. Нан сақтау орындарына 118 мың тонна бидай жеткізілді.

Өткен апталардағы жауған жаңбырдан кейін шаруалар енді ғана орақ науқанына бел шешіп кірісті. Былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, еңбек өнімділігі жөнінен қалып тұрмыз. Дегенмен, жекелеген аудандарда   күндік норма жетіңкіремей тұр.Мәселен, диқандар тәулігіне 250 мың гектар алқаптың астығын ору керек болса, әзірге бұл көрсеткіш 50-80 мыңнан әрі аспай тұр. Қазір жұмыскерлер егін алқабында күні-түні жұмыс істеп жатыр,-дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов. Бүгінде өңірдің оңтүстігіндегі Жанкелдин ауданында орақ науқаны бітуге жақын.  Аманкелді ауданы да науқанның бел ортасынан асты. Таран ауданында барлық егіннің 43 проценті жиналды. Облыстың солтүстік өңірлері ораққа енді кірісті. Күн райының қолайсыздығы шаруаларды бірақ тығырыққа тіреді.  Сынап бағанасының төмендігі астық сапасына едәуір әсер етуі мүмкін. Жиын-терімді шашпай-төкпей жинап алу үшін кемі екі жеті уақыт керек деп отыр диқандар. Айта кетейік, былтыр астық жинау науқаны 1 қазанда аяқталған болатын.

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС: 287 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС: 287 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 17 қыркүйек 2018
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:32, 14 қыркүйек 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар