ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОБЛЫСТА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

20:31, 19 наурыз 2020

Доллар өскен сайын сырттан келетін тауарлардың бағасы қымбаттайды. Бұл азық-түлікке де қатысты. Дегенмен, халыққа қажетті тауарлардың бағасын өсірмей, бақылауда ұстаймыз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, арнайы құрылған комиссия дүкен сөрелеріне қойылған тауарлардың бағасын да бақылауда ұстайды.

Қостанай  облысындағы тұрақтандыру қорында халық күнделікті тұтынатын, әлеуметтік маңызға ие 7 мың тоннадан астам азық-түлік бар. Қоймалардағы ұн және макарон өнімдері бір жылға жетеді. Картоп, көкөністің 2 айға есептелген қоры бар. Ет, жұмыртқа өнімдерінің 1 айлық мөлшері бар.  

Жалпы Қазақстанда әлеуметтік маңызды деп танылған 19 тауардың 17-і өзімізде шығарады. Сүт,ет,жұмыртқа, ұн,көкөніс өнімдері Қостанай облысында өндіріледі. Тек қант және тауық еті ғана сырттан әкелінеді. Үкімет тапсырмасына сәйкес, бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылатын болады.

Сала мамандары, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырады. Дүрбелең туғызып,  азық-түлікті қапшықтап сатып алудың қажеті жоқ. Жансұлтан Тәукенов облыста бұл жағынан еш тапшылық болмайтынын мәлім етті.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар