ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

20:32, 16 наурыз 2020

Облыста азық-түлік қоры жеткілікті. Бұл туралы ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесінде өңір басшысы айтты. Жәрмеңкеге 11 аудан мен екі қаладан 150-ге жуық тауар өндірушілер қатысты. Сөреге 120 тоннадай өнім қойылса, оның 45 тоннасы тұрақтандыру қорынан.

Сапалы өнім, қолжетімді баға. Ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне келгендер қатары қалың. Ет, май, сүт өнімдері мен көкөністер молынан әкелінген. 15-20 пайызға арзан. Мәселен, сәбіздің келісі базарда 100 теңге болса, мұнда 70 теңге. Өсімдік майының 5 литрі 1600 теңгеден аспайды.

Тұрақтандыру қорында азық-түлік қоры жеткілікті екенін айтты облыс әкімі. Көкөністен кенде болмаймыз. Жаз айына дейін жетеді. Ұн, макарон өнімдерінің 1 жылдық қоры сақтаулы тұр.  Облыстағы диірмендермен, ірі сауда орталықтарымен келіссөздер жүргізілді, деді Архимед Мұхамбетов.  

Сауда сөрелеріне қойылған азық-түлік түске дейін сатылып кетті. Тұрғындар бұндай жәрмеңкелердің жиі болғанын қалайды. Бағаны базармен салыстыруға да болмайды, бар керек-жарағымызды осы жерден арзанға таптық, дейді зейнеткерлер.     

Облыс әкімі сол сияқты, диірмендерге қосымша шикізат қорын қамдау туралы тапсырма берілгенін айтты. Ең бастысы, халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етуде еш қиындық болмайды, деді.

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...