ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 18 381 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

20:08, 19 қараша 2020

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында әрбір аудандық жұмыспен қамту орталығы үш бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Біріншісі, үш айлық қысқа мерзімді оқу. Екінші бағыт, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, яғни, жеке кәсіп ашқысы келетіндерге шағын несие беру. Соңғысы, тұрақты және уақытша жұмыс орындары. Оларға: 6 айлық жастар тәжірибесі, әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары мен бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударулары тәрізді тармақтар кіреді. Бағдарламаның бүгінгі таңдағы нәтижесі облыстық әкімдікте айтылды.

Карантин жағдайына қарамастан өңірде мемлекеттік бағдарламалар өз жалғасын тауып жатыр. Облыста нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба аясында тұрақты түрде еңбекпен қамтылған тұрғындар саны артқан.

Бағдарлама қатысушысы атанған 18 мың тұрғын жұмыссыз, бес мың адам өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтар ретінде тіркелді. Жұмысқа орналасқан жастар саны 6 мыңға жуықтайды. 533 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілді. Бағдарламаның 2-бағыты бойынша облыс тұрғындарына жалпы көлемі 600 қайтарымсыз грант беру қарастырылды.  

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы экономиканы еселеуге елеулі үлес қосып келеді. Осы орайда жергілікті жұмыспен қамту орталықтары жылдың соңына дейін тиісті шараларды жүзеге асыратын болады.

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...