ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

ОБЛЫС ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

20:48, 11 қыркүйек 2019

Облыс жылыту маусымына дайын. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов осылай деп мәлім етті. Оның айтуынша, биыл коммуналдық инфрақұрылымға 11 млрд теңге бөлінген. Қаражат мақсатты игерілді және отын қоры жеткілікті мөлшерде алынды деді.

Жылу құбырлары мен қазандықтарды алдағы қысқы маусымға әзірлеу Қостанайда жаз бойы жүргізілді. Нәтижесінде, 105 қазандық, 736 жылу автаномдық жүйесі жаңартылды. Жер асты құбырлары жөндеуден өтті. Брифингте айтылғандай, коммуналдық мекеме сақадай сай. Пәтерлерег жылу беру 1-ші қазаннан басталады.

Арқалық қаласын мазутпен қамтамасыз етуге биыл бюджеттен шамамен 500 миллион теңге жұмсалған. Әр тоннасы шамамен 116 мың теңгені құрайды. Ал,  әлеуметтік сала, тұрғын үйлердің дайындығына келсек:  білім берудің 734 нысаны, денсаулық сақтау саласының 488, әлеуметтік нысандардың 701-і, көп қабатты үйлердің 2645-і дайындалған.

ОБЛЫСТЫ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША:

- бүгінгі күні облыспен жылу беру маусымынан өтуі үшін қажетті 485,1 мың тонна көмірдің 334,6 мың тонна көмір дайындалды (69%);

- бюджеттік ұйымдар үшін қажетті 104,3  мың тоннадан 92,1 мың тонна дайындалды (88%);

- коммуналдық жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындармен 53,3 мың тонна жоспармен 13,8 мың тонна көмір дайындалды (26%);

- халық үшін қажетті 327,5 мың тонна көмірдің 228,7 мың тонна дайындалды (70%).

Жер асты құбырларының қысымын тексеру барысында биыл 32 ақау анықталып, қалпына келтірілді. Рудный жылу беру компаниясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Отын қоры жетерлік. Қазірдің өзінде сатылымда бар.

Осылайша, әлеуметтік нысандар да, тұрғын үйлер де жылыту маусымына дайын. Сала мамандары  қиындық туғызған мәселенің бірі – тұрғындардың қарызы екенін атап өтті. Берешек 400 млн теңгеден асып жығылады екен. Қабылданған шаралардың арқасында осы уақыт аралығында сот шешімімен 66 млн теңге өндіріліп алынған. Сондықтан, борышкерлермен күрес жалғасады.   

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
20:05, 16 қаңтар 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНА ТАЛАП КҮШЕЙДІ
20:32, 15 қаңтар 2020
АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНА ТАЛАП КҮШЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
20:16, 14 қаңтар 2020
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Толығырақ...