ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:21, 4 наурыз 2020

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іс-сапармен Ұзынкөл ауданына барды. Аймақ басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Ержан Кембаев Ұзынкөлге осыдан 5 жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген. Ол мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық көмекке қол жеткізді. Баспанамен қамтылды, жалақысы жақсы екенін айтады.  Осындай қолдауды тиімді пайдаланып, ауылды көркейтуге өзі сияқты жастар көбірек келсе екен, дейді. Облыс әкіміне: «оларға да осындай жағдай жасала ма?»-деген сауалын қойды.  

Ал, Юлия Вячеславовна өңір басшысының қабылдауына Троебрат ауылынан арнайы келіпті. Оны балабақша жайы алаңдатады.  Сөзінше, ауылда бала көп, туу көрсеткіші де жылма жыл артып отыр. Ал, балабақша жоқ.

Бұдан соң облыс әкімі бірқатар нысандарды аралады.  Бұл – аудандық орталық аурухана. Мұнда 255 адам жұмыс істейді. Қазіргі күні маман тапшы.  Емдеу мекемесінде  лор,онколог секілді дәрігерлер қат. Оның үстіне ғимарат ескі. Жөндеуді қажет етеді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында өзге өңірден көшіп келгендер саны жылдан жылға артуда.  Олар түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Араларында отбасын құрып, осында тұрақтап қалғандары да аз емес.  

Аудан орталығындағы №2-мектепке блок-модулді қазандығы жұмыс істеп тұр. Оның ерекшелігі - қуаттылығы жоғары, шығыны аз. Облыс әкімі қондырғыны бала саны көп мектерге бірінші кезекте орнату керек деп тапсырма берді.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 83 теңгеден қымбат болмауы тиіс. Осы тапсырма Ұзынкөл ауданында қаншалықты орындалып жатқанын білу үшін, облыс әкімі азық-түлік сататын дүкенге соғып, нанның бағасын сұрады, салмағын тексерді. Нәтижесінде, 600 грамм болуы тиіс нан 500 грамм болды. Құны 95 теңге.

Ұзынкөлдіктер отандық үлесті арттыруға мән беретіндерін аңғартты.  Мәселен, жиһаз жасау ісіне ден қойған. Бұрынғыдай емес, бүгінде сұраныс артып келеді. Ал, өнім көлемін арттыру үшін арнайы қондырғылар керек. 

Облыс әкімі жұмыс сапарының қорытындысында әр сала бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Және оның орындалуын бақылауда ұстайтынын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...