ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:34, 1 қазан 2019

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен өңіріміздің оңтүстік аудандарына барды. Аймақ басшысы ең әуелі Амангелді және Есір ауылдарындағы сүмен қамту жүйелерінің құрылыс барысымен танысып, Жангелді ауданының бірқатар өндіріс ошақтарын аралады.

Аймақ басшысы ең әуелі Амангелді және Есір ауылдарындағы сумен қамту жүйелерінің құрылыс барысымен танысты. «Өңірлерді дамыту» жобасы аясында су жүйелерін жаңғырту жұмыстарына мұнда биыл 852 млн теңге қаржы бөлінген. Тұрғындар бұған дейін тіршілік нәріне арнайы кесте бойынша қол жеткізіп келсе, енді ауызсу үзіліссіз берілетін болады. Одан кейін өңір басшысы аудан орталығында бой көтерген 8 пәтерлі аз отбасылы тұрғын үйге бас сұқты. Жас отбасыларға арналған баспана демеушілер қаржысына салынған.

Содан соң, өңір басшысы аудандағы кішігірім спорт алаңына бас сұқты. Балалар мұнда еркін күрес, қазақша күрес, волейбол, бокспен шұғылданады. Спортты серік еткен, салауатты өмір салтын ұстанаған жеткіншектер талай байрақты бәсекелерде жүлделі орындарды еншілеген. «Спортты серік еткен ұлттың ғана ұрпағы сау болады» дегенді білдірген аймақ басшысы қаз қатар сап түзеген жас спортшыларды жаңа алаңмен құттықтап, сәттілік тіледі.

Бұл саябақ — Амангелді ауданындағы әр жылдары түлеп ұшқан азаматтардың туған жерге деген тартуы. Кезінде ойқы-шойқы, шаңы бұрқырап жатқан аумақ, қазір балалардың ойын алаңы мен жастардың сүйікті демалыс орнына айналған.
Жастар саябағын ауыл тумалары қаржы жинап, өз күштерімен салып шықты. Бұдан бұрын Ағаштар отырғызылып, қорым қоршалды. Әлеуметтік саладағы осындай игі істер, ауылда жастардың тұрақтап қалуына бірден-бір сеп болары сөзсіз.

Елін, жерін сүйетін осындай азаматтар барда, талай даналар мен дараларды дүниеге әкелген тарихи мекен қай кезде де тойы тарқап, бағы тая қоймайтыны сөзсіз деді аудан жастары.

Аймақ басшысының жұмыс сапары Жангелдин ауданында жалғасын тапты. Биыл мұндағы тұрғындар үшін ең маңызды оқиға 150 шақырымдық Торғай-Амангелді тас жолы құрылысының аяқталуы болды. Қатынас бар болғаны 1 сағаттық уақытты алатын бұл күре жол 40 жыл бойы жөндеу көрмеген еді. Мұнымен қоса, Қарасу өзені үстімен өтетін көпірді, 1 шақырымдық "Шұбалаң-Қарасу" автожолын жөндеу қолға алынды. 1979 жылы салынған көпір апатты жағдайда тұрған болатын. Оны қалпына келтіруге 128,3 млн теңге жұмсалды. Қазір мұнда құрылыс-монтаждық жұмыстар жүріп жатыр.

Сондай-ақ, сапар барысында, Торғай ауылын сумен қамту жұмыстары да бақыланды. Бұл мақсатқа 538,9 млн теңге бағытталған.

Сапар барысында облыс әкімі аудан орталығындағы әкімшілік ғимаратпен және жабық автотұрақпен де танысты. Қос аудан әкімдеріне әлеуметтік-экономиалық көрсеткіштерді жақсарту үшін үздіксіз жұмыстар жүргізуді, сонымен қатар шекті мерзімге белгіленген жобаларды жүзеге асыруды аяқтауды тапсырды аймақ басшысы.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...