ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУДІ ТАПСЫРДЫ

20:30, 11 наурыз 2020

Қатты тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаны ластайды. Оның экологияға зияны айтпаса да түсінікті. Сондықтан қоқыстарды жою, қайта өңдеп оны кәдеге жаратуға облысымызда баса мән беріле бастаған болатын. Мәселен, биыл Жітіқара ауданында қоқыс өңдейтін желі іске қосылады. Осы мәселе облыс әкімідігінде өткен аппарат жиналысында талқыға түсті. Ауыл - аймақтардағы қоқыс тасталатын орындар жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынуы тиіс. Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов жауапты мекеме өкілдеріне осындай тапсырма берді.

Облыс аумағында 266 қатты тұрмыстық қалдықтар  полигоны  бар.  Оның 40 пайызға жуығы ғана санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарға жауап береді. Аталған алаңдарда  жыл сайын шамамен 250 мың тоннадан  артық қоқыс жинақталады. 

Атап айтсақ бұл тізімде Әулиекөл, Жангелдин, Қарабалық, Бейімбет  Майлин ауданы бар. Бей-берекет тасталған қоқыс орындарын әрбір елді-мекеннен табуға болатынын айтады сала мамандары.  Бұл мәселе жергілікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынуы тиіс деді Архимед Мұхамбетов

Қазіргі уақытта арнайы полигондарға жиналған қоқыстардың біразы  өңделеді. Дегенмен, осы салада әлде де кәсіпкерлер белсенділік таныты қажет. Биыл Жітіқара ауданындағы полигонда қоқыс іріктейтін желі іске қосылмақ.  Жоба Бизнестің жол картасы аясында іске асырылмақ.

Жалпы қостанайлықтардың экологиялық мәдениетін арттырып, «жасыл экономикаға» бейімдеу үшін қағаз, пластик, шыны және аралас қалдықтарды бөлек жинауға арналған   контейнерлер  орнату көзделген.  

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...