ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

20:31, 12 қаңтар 2021

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы жылына 20 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы кешеннің құрылыс жұмысымен танысты. Бұл жөнінде аймақ басшысы өзінің инстаграм парақшасында жазды. Құны 5,1 млрд теңгеге бағаланған жобаны «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС жүзеге асыруда.

Болашақта бұл жерде 180-нен астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Жобаны бизнесті дамыту институттары қолдағанын және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Кешенге әкімшілік-тұрмыстық кешен, екі автожуу, санитарлық-тұрмыстық кешен, жеке қажеттіліктерге арналған шеберхана, негізгі өндірістік үй-жай және қосалқы инфрақұрылымдық объектілер тұрғызылмақ. Зауытқа қажетті жабдықтар Польша, Ресей және Италиядан әкелінбек. Бүгінгі күні нысандардың басым бөлігінің құрылысы аяқталған, негізгі өндірістік үй-жайда құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. "Бұл жоба облысқа ет импортын азайтуға, сондай-ақ шикізат жеткізуші болып табылатын жергілікті шаруа қожалықтарын жандандыруға бағытталғанын атап өткім келеді. Сапар қорытындысы бойынша, қатысып отырған мүдделі органдарға осы жобаны іске асыруды табысты аяқтауға бағытталған тапсырмаларды жүктедім," – дейді аймақ басшысы. Нысанды ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
20:29, 18 қаңтар 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...