ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

20:25, 5 желтоқсан 2019

Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық саласында биыл жетістіктер аз емес. Өнеркәсіп өндірісінде өсім бар. Өткен жылы өңірде барлығы 291 көлік экспортталса, жыл басынан бері 1800-ден астам көлік сыртқа сатылған. Алдағы 5 жылда аймақта үдемелі индустриалды - инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 40 жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ биыл 40 жылға жуық жөнделмеген ұшу-қону жолағы қайта жаңартылды. Нәтижесінде, жолақ салмағы шамамен 200 тонналық ұшақтарды қабылдауда. Бұл туралы елордада Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Жиында экономикалық маңызға ие мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы да айтылды. Толығырақ келесі бейнематриалда.

Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде миллиондаған көрермен  алдында аймақ әкімдерінің есеп беруі дәстүрге айналған үрдіс. Еліміздің бас қаласында  ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Тобыл өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндап,  өнеркәсіп өсімі, сыртқы сауда айналымы, ауыл шаруашылығы, индустрияланлыру бағытындағы табыстарға тоқталды.

10 айдың қорытындысы бойынша, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 978,4 млрд теңгенің өнімдерін өндірді, жыл қорытындысы бойынша, облыста өнеркәсіптік өндірісінің көлемі бірінші рет 1 трлн теңгеден асты. Өңдеуші кәсіпорындарда да өндіріс қарқыны жоғары. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы бойынша іске қосылған  зауыттар бүгінде толық қуатта  жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылдың 10 айының өзінде аймағымызға 226,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал, индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде облысымызда 2010 жылдан бері  91 жоба  елдің игілігіне жаратылды. Тартылған қаржы көлемі 150 млрд теңгеден асады. 6 мыңнан артық жұмыс орындары ашылды.  Әсіресе, өңдеуші өнеркәсіптің  өңірде өріс алуы   айтуға тұрарлық. Жалпы өндірістік салада оның үлесі қазір 50 пайызға жетіп отыр. Көлік құрастыру өндірісі 2,1 есеге ұлғайған. Өткен жылы өңірде барлығы 291 көлік экспортталса, биыл 1800-ден астам көлік сыртқа сатылған.

Халықты баспанамен қамту шаралары да ойдағыдай орындалуда дейді өңір әкімі. Соңғы 4 жылда өңірімізде мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Жыл басынан бері 281 мың шаршы метр халық игілігіне тапсырылды, жоспарға сәйкес жыл соңыңа дейін 330 мың шаршы метр тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін болады.

Облыс әкімі мәлім еткендей, ауылшаруашылық саласын  цифрландыруға және инновациялық технологияларды енгізуге баса назар бөлінуде. Нақтылай айтқанда, егістіктің 100%, жайылымдардың 83%, шабындықтардың 95%-і толық цифрландыру аяқталған. Ол 2022 жылға дейін облыста нақты егіншілік бойынша 192 озық және 16 цифрлық ферма, мал шаруашылығында 156 озық ферма және 17 смарт-ферма болатынын айта өтті. Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша биыл 3 млн тонна астық бастырылды. Жиналған астық көлемі шаруашылықтарға алдағы жылдың егіс жұмыстарына дайындалуға мүмкіндік береді деді аймақ басшысы.

Білім және денсаулық салаалрында да ілгерушілік байқалады. Ағымдағы жылы облыс орталығында 900 орындық мектеп пен гимназия оқушыларға есігін айқара ашты. Сондай-ақ 21-ден астам білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны – 2,7 млрд теңге. Жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша да жұмыс қарқынды. . Былтыр өңірімізге 102 жас маман тартылса, биыл 300-ге жуық маман келген. Әлеуметтік көмек ретінде облыстық бюджеттен 135 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуғы бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. Ағымдағы жылы берекетті бағдарлама 8,8 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырған 15,2 есе көп. Бағдарлама аясында 15 мыңнан астам тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламаның ең негізгі мақсаты - халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, табысын молайтуға мүмкіндік жасау деді Архимед Мұхамбетов.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...