ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

20:38, 20 қараша 2019

Бюджет саясатын оңтайландыру, қазына қаржысын қатаң үнемдеу мен ұтымды пайдалану. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар 2019 - 2021 жылдың бюджетін талқылады. Кіріс пен шығысты есептеді. Өткен жылы қазына қаражатының қомақты көлемі су құбырларын, жолдарды жөндеуге және көліктік инфрақұрылымды ретке келтіруге жұмсалған. Ал биылғы бюжеттің басым бөлігі білім беру, денсаулық, спорт, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ, 1 млрд теңге қаражат Арқалық қаласын мазутпен қамтуға бағытталмақ.

Бұл облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы. Халық қалалаулары облыс бюджетінен үнемделген ақшаны алдағы екі жылда қандай салаларға жұмсалатынын шешті. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары баяндағандай, 35 млн теңге білім саласына, яғни Қостанай ауданы Надеждин орта мектебінің күрделі жөндеуіне жұмсалмақ. Ал, денсаулық сақтау саласына 46,8 млн теңге бөлінбек.

Энергетика және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына бөлінген қаржының басым бөлігі Арқалықтағы жылу энергетикалық орталығын мазутпен қамтуға жұмсалмақ. Және де бұнда кейбір құбырларды ауыстыру көзделген. Шаһарды жылумен қамтуға жыл сайын шамамен, 2,5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Сәуір айына дейін тағы қосымша 500 млн теңге бөлінбек.

Әлеуметтік салаға да қолдау әдеттегідей зор. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасына 131,8 млн теңге қаржы қарастырылған. Барлық ұсыныстарды депутаттар бірауыздан қолдады. Ендігісі бюджет қаражатын уақытында игеріп, жұмыс сапасына баса көңіл бөлу.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар