ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС АУМАҒЫНА КІРУГЕ ДЕ, ШЫҒУҒА ДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20:17, 30 наурыз 2020

Төтенше жағдайлар кезеңінде республикалық және облыстық жолдарда 10 блок-бекет орнатылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов мәлімет берді. Оның айтуынша, блок-бекеттерде тәртіп сақшыларынан бөлек медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады.

Облыста 31-ші наурыздан бастап Ақмола, СҚО, Қарағанды, Ақтөбе облыстарына шығатын жол бағыттарына уақытша шектеу қойылады. Алайда, бұл аймақтарға емдеу шаралары үшін жол ашылады. Облыстың аудандары мен қалалары арасында автобус тасымалдау толығымен тоқтатылады. Блок-бекеттердің жұмысы ҚР Президентінің қаулысы шеңберінде қатаң бақылауға алынады.

Қазірдің өзінде бекітілген ережені бұзып жатқан азаматтар бар. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы өңірде 121 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, көпшіліктен жалпыға ортақ тәртіпті сақтауды сұрайды полицейлер. Облыс шекарасында орналасатын бақылау бекеттерінің тізімі мынадай: 

Графика

 

Қостанай облысы аумағындағы блок-бекеттер

 

*№7 блок-бекет Екатеринбург-Алматы автожолының 374-шақырымында, "Қайрақ" шекара бекетінде;

*№8 Қостанай-Қорған автожолының 180-шақырымында, "Обаған" шекара бекетінде;

*№9 блок-бекет Қостанай-Мамлютин автожолының 245-шақырымында, Ұзынкөл ауданының Троебрат ауылы маңында;

*№10 блок-бекет Екатеринбург –Алматы автожолының 722-шақырымында, Сарыкөл ауданының Севастополь ауылы маңында;

*№11 блок-бекет Қостанай-Сұрған тас жолының 232 шақырымында Ақмола облысы шекарасында;

*№12 блок-бекет Жезқазған-Петропавл тас жолының 372 шақырымында;

*№13 блок-бекет Жезқазған-Петропавл тас жолының 300-шақырымында;

*№14 блок-бекет Торғай тас жолының 85-шақырымында *№15 блок-бекет Қостанай-Қарабұтақ автожолының 239 шақырымында, Қамысты ауданы Жайылма ауылы маңында;

*№16 блок-бекет Денисов автожолының 100-шақырымында, РФ-мен шектесетін тұсында, Жітіқара ауданының "Қондыбай" шекара бекетінде орналасады.

Айта кетейік, елімізде төтенше жағдай ережелерін бұзған азаматтар ҚР Әкімшілік Кодексінің 476-шы бабына сәйкес, 15 тәулікке қамалады немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...