ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР» НӘТИЖЕСІ: ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

20:32, 30 мамыр 2019

Азаматтардың осал топтары үшін тұрғын мәселесін шешу- мемлекет басшысы айқындаған негізгі бағыт. Бұл стратегиялық тапсырмалар өңірде ойдағыдай орындалуда. Оның дәлелі - облыс орталығында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен сол сияқты мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға пәтер кілті табыс етілді.

«Әуежай» ықшам ауданында 99 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй тапсырылды. Баспанасыз азаматтардың қатарын азайту  үшін елімізде тиімді тәсілдер қолға алынған. Соның бірі- «Нұрлы жер» бағдарламасының «сатып алу мүмкіндігімен жалға беру» бағыты. Ол   пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар,  әлеуметтік жағынан  аз қамтылған топ өкілдері, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жан ұялар мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Салтанатты шарада  пәтер кезегінде тұрған азаматтарға баспана  кілті табыс етілді. 

Баспана бақыты   үш бала тәрбиелеп отырған Жанар Сәдуақасоваға бұйырды.  Жеке шаңырағына қол жеткізгеніне әлі сенер сенбестей күйде. Ұзақ  уақыт жалдамалы пәтерде тұрып келген ол  екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Іші   кең де жарық, жайлы.

Баспанаға мұқтаж болған 100-ге жуық  отбасының көптен күткен арманы орындалды. Бұл елімізде іске асырылған Нұрлы жер бағдарламасының нәтижесі. Бұл баспананың  құрылысы  2017 жылы басталғантын. Жоба құны   725 млн теңгеге   бағаланды. 

Жыл аяғына дейін Қазақстандық ипотекалық компания арқылы сатып алу мүмкіндігімен жалға беру бағыты бойынша тағы 9 пәтерлі тұрғын үй елдің игілігне жаратылады.  Бұл дегеніміз  тұрғын үй азабын тартқан тағы жүзге тарта шаңырақ қоныс тойын тойлайды деген сөз. Осылайша мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыс орталығында тұрғын үй мәселесі  шешімін тауып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУҒА КВОТА 40 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРДЫ
20:13, 23 қаңтар 2020
ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУҒА КВОТА 40 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРДЫ
Толығырақ...
БЕС  ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 7-20-25 БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША  644 ӨТІНІМ МАҚҰЛДАНДЫ
20:12, 23 қаңтар 2020
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 7-20-25 БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 644 Ө...
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ҮШ ЖЫЛҒА САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ
20:19, 21 қаңтар 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ҮШ ЖЫЛҒА САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...