ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР»: ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛА ТҮСТІ

20:49, 16 қазан 2019

Облыс аумағында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Құрылыс жұмыстары Қостанай ауданында да қарқын ала түскен. Қаражаттың мерзімінде мақсатты игерілуі мен сапа басты назарда болуы тиіс. «Нұр Отан» партиясының өкілдері осылай дейді.

Бір кездері бос тұрған мына жерлерді қазір тану қиын. Құрылысы 2017-ші жылы басталған Нұрлы жер бағдарламасы арқылы салынған үйлер қаз-қатар тізіліп тұр. Қазіргі таңда «Солтүстік» шағын ауданындағы құрылыс аяқталуға жақын. Заречный селолық округінің әкімінің таратқан мәліметіне сүйенсек, әр үйдің аумағы100 және 120 шаршы метр, аудан бойынша 271 үй салынады. 1 шаршы метрдің құны – 120 мың теңге.

Северный шағын ауданында бой көтерген баспаналардың сапасы нұротандықтар назарында. Жүргізілген тексеріске сәйкес, құрылыста заманауи технологиялар қолданылып, қаражат толық игерілген.

Алдағы уақытта аталмыш ықшам ауданда жаңа мектеп пен балабақша құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, тұрғындар қалаға қатынау үшін қоғамдық көліктің жүруін сұрап жатқан көрінеді. Негізгі жұмыстар аяқталып біткен соң ол мәселелердің де оң шешімі табылады дейді партиялықтар.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...