ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«Нұрлы жер»: 1 млн. шаршы метр баспана салынады

20:37, 6 желтоқсан 2017

Баспанасыздар санын қысқарту, ипотекалық несиелерді жеңілдету мақсатында 2017-ші жылдан бастап елімізде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, Тобыл өңірі бойынша алдағы бес жылда аумағы 1 млн. 150 мың шаршы метр болатын тұрғын үй салу көзделген. Бұл облыстағы баспана қорын 6 пайызға арттырады.

«Нұрлы жер» тұрғындарды бұған дейінгі баспанамен қамтыған бағдарламаларды біріктіреді. Яғни, қазіргі ипотекалық үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізіндегі шарттар осы бағдарлама шеңберінде жеңілдетілген түрде жүзеге асырылады. Ол бес басым бағытты қамтиды. «Нұрлы жер» бойынша Үкімет алдағы екі жылда 100 мыңнан астам жер телімдерін елге үлестірмек. Ол учаскелерге жеке үй салуға болады. Сәйкесінше, жол төселіп, жарық және жылу тартылады. 

Үй кезегінде тұрған азаматтар жер учаскесімен бірге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылған дайын баспананы өздері сатып алуға немесе оны сатып алу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» несие алуға құқылы. Бүгінде аталған банк жеке және қарыз қаражаттары есебінен бес жылға дейін 24 млрд. теңге көлемінде қарыз беруге дайын.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша жер телімдері де үлестіріледі. Учаскелерге жол төселіп, жарық, жылу тартылады. Олар негізінен Қостанай ауданы және облыс орталығына қарасты Қонай ауылында қарқын алады деп жоспарланған. «Нұрлы жер» бағдарламасына банктің 3840 салымшысы қатысады. Ең әуелі  ұзақ жылдар бойы кезекте тұрғандарға пәтер кілттері табысталады. Ол үшін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» салымшы ретінде тіркелуіңіз керек. Сондай-ақ, баспаналы болу үшін міндетті түрде алатын пәтер құнының 30 процентін жинақтауыңыз шарт. Және ай сайынғы пәтер ақысын төлей алатын қабілетіңіз де ескеріледі.  

Тақырып бойынша материалдар

АЛДАҒЫ ЕКІ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІНЕ  ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
20:30, 11 шілде 2018
АЛДАҒЫ ЕКІ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ
18:17, 10 шілде 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КӨШЕСІНДЕГІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕДЕЛДЕТУ ТАПС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...