ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ

20:35, 27 мамыр 2020

Ақпараттық технологиялар қаржы секторына белсенді түрде енгізіліп жатыр. Қазіргі карантин режимін ескерген банк ұйымдары көптеген қаржылық қызметтерді онлайн режимге көшіруде. Мысалы, мобильді қосымшаның көмегімен депозит ашуға немесе несие төлеуге болады. Жалпы, несие төлеу мерзімін кейінге шегеру бойынша аймақ тұрғындарынан 60 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 53 мыңы мақұлданыпты.

Елде енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде  қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға  мемлекет тиісті жәрдем түрлерін ұсынғаны белгілі.  Әсіресе, несиенің  негізгі борышы мен  сыйыақы  төлеуді уақытша тоқтату  жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін күтпеген жерден  көмек болғаны рас.  Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен   Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осы орайда  арнайы   механизмді    бекіткен болатын. 

Жаңа тәртіпке сәйкес, азаматтардың  3  санаты үшін тұтынушылық негізгі борышты  төлеу 90 күннен  кешіктірілсе,   банктер , микро қаржылық ұйымдар, кредиттік серіктестіктер мен ломбардтармен   айыппұл салынбайды.

Осылайша, аталған санаттағы қарыз алушылардың төлемдері биылғы жылдың  16 наурызы мен  15 маусымға  дейін  шегеріледі.  Несие төлеуді кейінге қалдыру бойынша  өңірде   60 мыңнан астам   өтініш түссе,  53 мыңы   қанағаттандырылды.   Өтініштердің  жалпы соммасы  6,7 млрд теңгеден асып отыр.  Карантин режимі кезінде  қолға алынған шаралар бұл ғана емес.  Көптеген қаржылық қызметтердің    онлайн түрде іске асуы халық үшін қолайлы болып отыр.

Барлық процестерді онлайн жүргізуге банктер толық дайын.  Сала мамандары  ғаламтор арқылы   қаржылық қызметтерді іске асыру тетіктерін  түсіндіруде.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...