ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

НАН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

20:34, 14 қазан 2019

Елімізде нан бағасы шамамен 7 теңгеге қымбаттауы ықтимал. Бұл туралы бүгін Үкіметте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Оның сөзінше, ас атасының құны айтарлықтай өспек емес. Бағаның күрт көтерілмеуіне жол бермеу үшін қазір тұрақтандыру қорынан яғни, азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатып алынады. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі де тиісті шараларды қабылдайды. Сөйтіп, қазір 75-85 теңге шамасындағы нан бағасы небәрі 80-82 теңгеге төңірегінде болмақ. Айта өтейік, министр бүгін Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрағанын мәлімдеді. Биыл жаздың ыстық және құрғақ болуына байланысты дәнді дақылдар өнімділігі төмендеген. Ал, Үкімет басшысы Асқар Мамин жиналған астықты сақтап қалу үшін жауапты басшыға барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар