ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЫС ҚОРЫН АНЫҚТАУ МАҚСАТЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

20:35, 10 наурыз 2020

Әлемдегі алпауыт кәсіпорындардың бірі астықты аймақпен тау- кен өндірісі саласындағы әріптестікке мүдделі. Осы бағытта шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізіліп, меморандуға қол қойылды. Өңір әлеуетіне әр беретін ілкімді жобаны жүзеге асыруда қомақты инвестиция тартылмақ.

Тау-кен өндіру ісінің үздігі «Rio Tinto» компаниясы Қостанай облысымен тиімді ынтымақтастық орнатуға ынталы.  Шетелдік алып кәсіпорын өңірде мыс  қорын анықтау мақсатында геологиялық - барлау жұмыстарын жүргізбек. Тартылатын қаржы көлемі де қомақты.  Әңгімелесу барысында облыс әкімі «Rio Tinto» компаниясы   тау- кен  саласындағы еуропалық  ірі инвестор болып саналатынын атап өтті.

Алюминий, мыс, алмаз, алтын, темір кені және индустриалды минералдар.   Атақты алып кәсіпорын  35 елде шикізат өндірумен айналысады.   2014 жылдан бастап Қазақстан аумағында екі ірі геологиялық- барлау жұмыстарын жүргізген болатын. Ол Қарағанды облысындағы Қорғантас  және  Балхаш Сарышаған.   

Бизнес өкілдерімен кездесу барысында Архимед Мұхамбетов шикізат өндірісі жолында ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігіне тоқталды. Шетел инвесторларымен  және де әлеуметтік- экономикалық қолдау  жөнінде меморандумға қол қойылды. Өйткені, инвестиция өңір әлеуетіне әр беретіні белгілі. 

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...