ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

Мәслихат екі жылдық облыстық бюджетті бекітті

20:30, 12 наурыз 2018

Мәслихатта 2018-2020-шы жылдарға арналған Қостанай облысынын бюджеті бекітілді. Сан салаға салмақты қаражат бөлінген. Енді оны ұтымды пайдаланып, толықтай игеру керек. Шаруаны осы бастан ширату қажет деген тапсырмалар жүктеді облыс әкімі. Биылғы жылы қомақты қаржыға қол жеткізген, көп кешікпей, оң өзгерістер болады деген салалар қандай? Оны тілшімізден білейік.

Бұл - облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясы. Депутаттар облыс бюджетін ағымдағы жылы қандай салаларға жұмсалатынын бекітті. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы баяндағандай, 554 млн. теңге облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге, 250 млн. теңге Рудный қаласындағы көшелерді қалпына келтіруге бағытталмақ.

Әлеуметтік салаға да қолдау әдеттегідей зор.  Мысал үшін, 1 млрд. 116 млн. теңге Қостанайдағы футбол алаңын салуға, 298 млн. теңге білім беру саласындағы нысандардың заманауи жабдықталуына жұмсалады. Әуежайдың ұшып-қону жолағын жөндеуге 200 млн. теңге бөлінген.

Мәслихатта мақұлданған мәселелердің бірі -  Жангелдин ауданындағы Қарасу елді мекенінің атауы Ахмет Байтұрсынов ауылы деп өзгергендігі. «Төртінші  өнеркәсіптік революция дамудың жаңа мүмкндіктері» атты Жолдауында Президент  «Цифрландыру»  мәселесін көтерді.  Бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруға облыс бюджетінен 254 млн. теңге бөлінді. Ендігі ортақ міндет – қазына қаражатын рәсуә қылмай, тиімді игеру.

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНДЫРУ –  ӨНДІРІСТІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
18:00, 22 маусым 2018
ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨНДІРІСТІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» - ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
20:39, 21 маусым 2018
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» - ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
18:03, 21 маусым 2018
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
18:19, 20 маусым 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
18:13, 20 маусым 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...