ШҰҒЫЛ! ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ БОЛАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

18:08, 11 сәуір 2019

Елбасы тапсырмасымен елімізде бастау алған маңызды бағдарламар Аманкелді ауданында ойдағыдай іске асуда. Шалғайдағы оңтүстік өлкенің шаруасы күйлі, тұрмыстары тәуір. Мұнда әсіресе кәсіпкерлікті, мал шаруашылығын дамыту мәселесі басты назарға алынған. Облыстық мәслихат депутаттары Аманкелді ауданының жұртшылығымен кездесті. Халық қалаулылары елдегі барлық бастамалардың тиімді тұстарына, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін жаңа мүмкіндік берер бағыттарына тоқталып, бірқатар өндіріс орындары мен шаруашылықтарды аралады.

Халық қалаулылары ең алдымен аудандағы шағын және орта бизнес бағытындағы жұмыстармен танысты. Бұнда ата кәсіпті дамытуға ден қойылған. Әсіресе, жергілікті жұрт мал өсіру бойынша жүйелі жұмыс істеуде. Мемлекеттің қолдауын сезініп, түрлі бағдарламаларды тиімді пайдаланып отырғандарын айтады.  

Соңғы жылдары Аманкелді ауданында  аз жұмыс атқарылған жоқ. Жаңа нысандар ел игілігіне беріліп, бірқатар білім ошақтары күрделі жөндеулерден өтті. Өнеркәсіп өнімдерінен түскен пайда, мал басы санының артуы, жергілікті бюджеттің көлемденуі. Ауданның  әлеуметтік әлеуеті мен экономикалық ахуалында алға ілгерушілік бар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша былтыр бірнеше нысандар ашылған.  Көпбалалы отбасылары да басты назарда. Ауданда бүгінде 460 осындай жанұя бар. Олардың – 22-сі пәтер жалдап тұрады екен. Осыған орай, ауданда биыл 18 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй салу да жоспарланған.

Сапар барысында мәслихат депутаттары Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-интернатына табан тіреп, мектеп мұғалімдеріне мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жайында түсіндірді. Содан соң, аудандық «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізіп, түрлі мәселемен келген азаматтармен кездесті. Кездесу барысында оларға  келелі кеңестерін беріп, сұрақтарына  жауап берді.  

Сапар соңында халық қалаулылары ауданда мемлекеттік бағдарламалардың мардымды орындалып жатқанын атап өтті. Шалғай елді мекендердің шаруасы ширай түскен. Жаңа нысандар бой көтеріп, кәсіпкерлерліктің көкжиегі кеңеюде. Диплом алғаннан кейін жұмыссыз қалмайтынын түсінген жастар да ауылға оралып, туған жерге ту тіккен аға-апаларынан үлгі алуда. Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі деп санайтын аманкелділіктер осылайша елдің дамуына, Елбасының халықтың әл-ауқатын арттыру туралы тапсырмасын орындауға үлестерін қосуда!

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ
18:00, 18 сәуір 2019
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ БҰЗҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ ҰЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
16:12, 15 сәуір 2019
Ұлттық спортты дамытуға қолдау көрсетілуде
Толығырақ...