ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ

20:49, 13 қыркүйек 2019

Қостанай облысында мал азығын өніруге арналған заманауи қондығырлар шығарылмақ. Бұған дейін кәдеге жаратылмай келген сабан, күнбағыстың сабақтарын арнайы техникамен ұсақтап, құнарлы өнімге айналдыруға болады. Олар түлiк ағзасындағы зат алмасу процесiн үдетiп, ас қорытуын жақсартатын болады, дейді кәсіпкерлер. Бұл игі бастаманы Қостанайдағы металл өңдеу зауыты мен Челябілік компания бірлесе қолға алмақ. Әріптестік байланыстың басты мақсаты - фермерлерді сапалы мал азығымен қамтамасыз ету.

«Биоэнергия и К» Челябі компаниясы мал азығын дайындайтын озық қондырғылар шығарумен айналысады. Нарықта көш бастаған ресейлік кәсіпорын аймағымызда ауыл шаруашылығына арналған жаңа қондырғыларды іске қоспақ. Бүгінге дейін бұл серіктестікпен жем-шөп өндірісу ісінде 15 инновациялық агрегаттар жасап шығарылған. Олар талай шаруа қожалықтарында өз тиімділігін көрсетіп, жетекші мамандардың көілінен шығып үлгерді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру үшін мал азығын өндіру ісінде ғылыми жетістіктерді игеру қажет. Осындай ұстанымды негізге алған компания өнімділігі жоғары құрылғыларды құрастыруға басымдық берген. Агрегаттар европалық үлгіден кем түспейді. Өнімділігі жоғары, бағасы да қымбат емес.

Заманауи жем-шөп ұсақтағыштар бірнеше шаруа қожалықтарына орнатылған.

Қостанайлық және Челябілік компания арасындағы ынтымақтастық байланыс ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге жол ашады. Ең бастысы мал азығын өндіру ісінде өнімділігі жоғары техникаларға деген қолжетімділікті арттырады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...