ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ Толығырақ

КҮЗГІ НАУҚАН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

20:32, 8 қараша 2018

Федоров ауданында биылғы егін орағы жоспарға сай жүргізілді. Қамбаға 500 мың тоннадан артық астық құйылды. Мол өнімге қол жеткізу алқаптарды әртараптандырудың арқасында мүмкін болды. Науқанды қорытындылаған шаруа қауымы енді жем-шөптерін, отын-суларын әзірлеп, қысқа қамдануда.

Биыл Федоров ауданында егін бітік шығып, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп отыр. Алқаптан 500 мың тонна өнім жинаған екен. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығындағы осындай толайым табысты Федоров ауданының әкімі Тәубә Исабаев   көпшілікке жария етті.

Мерекелік шара барысында бір қатар ауылшаруашылық басшылары мен қызметкерлері аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Борис Бугрей 24 жыл «Бугрей» ауыл шаруашылық серіктестігін басқарып жүр. Жақында ғана, Борис Қостанай облысы әкімінен нәтижелі жұмысы үшін мақтау алған.  

Елбасының тапсырмасымен  Федоров ауданында қосалқы шаруашылық әлеуетін көтеруге бағытталған пилоттық жоба іске асырылуда.

Еңбеккерлер құрметіне аудан өнерпаздары концерт қойды. Онда ауылшаруашылық қызметкерлерінің маңдай тері мен еңбегін әспеттейтін әндер шырқалып, театрландырылған көрініспен өрнектелген би көрерменге ұсынылды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ ТАРИФІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
18:04, 16 қаңтар 2019
ЖЫЛУ ТАРИФІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІК БЕРІЛДІ
Толығырақ...
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 12 МЫҢ КӨЛІК ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
18:00, 16 қаңтар 2019
БЫЛТЫР ӨҢІРДЕ 12 МЫҢ КӨЛІК ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
13:05, 14 қаңтар 2019
«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Толығырақ...