ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУДА

20:47, 19 қыркүйек 2019

Қостанайда баламалы қуат көздерін тиімді пайдаланатын пилоттық жоба жүзеге асырылды. Жылу энергетикалық компаниясында күн көзінен қуат алатын қондырғылар орнатылып жатыр. Оның ұтымдылығы неде?

Коммуналшылар бұл технологияның пилоттық жобасын сынақтан өткізді. Нәтижесі зор екенін айтады. Күннен қуат алатын жаңа гелио қондырғылар біріншіден жылуды тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Жасыл экономикаға негізделген жоба құны 1 млн 800 мың теңге.

Жылу энергиясының басым бөлгі қалада жұмсалады. Коммуналдық мекеме бұған дейін ресурсты көп шығындап келген. Ал жаңа технологиялардың артықшылығы- әрі үнем, әрі қоршаған ортаға залалы әлдеқайда аз. Күн энергиясын жылуға айналдырған бастамалар бұл ғана емес. Жылу сақтауға арналған бөшкелердің де тиімділгі мол деп отыр кәсіпорын өкілдері.

Жылу энергетикалық компаниясында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары коммуналдық қызмет сапасына да оң септігін тигізбек. Ең бастысы, тариф бағасының қымбаттауына жол берілмейді. Жалпы соңғы екі жылда коммуналдық кәсіпорынның табысы да артып, жылу жүйелері жаңартылды.

Баламалы энергия көздерін қолданысқа енгізу – заман талабы. Сондықтан коммуналдық кәсіпорындар жылу өндіруде озық тәжірибелерді енгізуге көптеп көңіл бөлуде.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:37, 21 қазан 2019
ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:39, 17 қазан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...