ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ҚЫТАЙҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫ

20:30, 11 қыркүйек 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық республикасына екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Қазақстандық делегация құрамында бірқатар министрлер мен квазимемлекеттік компания басшылары, отандық бизнес өкілдері бар. Сапар аясында президент қытайлық әріптесі Си Цзинньпинмен және Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесіп, екі елдің кезекті іскерлік кеңесінің ашылуына қатысады. Айта кету керек, бұл мемлекет басшысының президент ретіндегі Қытайға алғашқы сапары. Аспан асты елі қазақстанға тартылған инвестиция бойынша Нидерланды,АҚШ және Ұлыбританиядан кейін 4 орында. Мемлекеттік сапар стратегиялық әріптестікке жаңа серпін бермек.

Қытайдың іргелес елдермен қарым-қатынасы ертеден басталады. Оның ішінде Қазақстанның орны бөлек. Екі елді ежелден байланыстырған ұлы жібек жолы. Қытай қазақстан арқылы батыспен сауда жасап қана қоймай, мәдени-гуманитарлық байланыстар орнатты. Бұл тарихи байланыс бүгінгі әріптестікке ұласты. Қытай экономикасы қазір мықтап қарқын алды Әлемнің фабрикасы атанған ел сырттан шикізат сатып алып, оны терең өңдеп сатуға әбден машықтанған. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасында шешілмеген түйін жоқ. Елбасы еңбегімен  арадағы 1700 шақырымдық шекара толық заңдастырылған. Деморкациялау туралы құжатқа қазіргі президентте де үлкен еңбек сіңірді. Осыдан 17 жыл бұрын сыртқы істер министрі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев деморкациялық келісімді жасақтауға атсалысып, оған қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарына тараптар кең ауқым беруге тырысқан. Форматы мен мазмұны түрлі саланы қамтиды. Алғашқы кездесу қазақстан уақытымен таңғы алтыда басталды. Президент қытай комунистік партиясының саяси бюро мүшесі, партияның сыртқы істер бойынша басшысы Ян Цзечимен кездесіп, күнтәртібіндегеі тақырыптарды талқылады. Мемлекет басшысы одан кейін екі ел іскерлік кеңесінің алтыншы отырысын ашты.

Президент бұл бастамалар бойынша екі елдің бизнес өкілдерімен бөлек кездесу де өткізді. Қытаймен әріптестіктің саяси, бейсаяси мәселелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттермен кездесуінде жалғасты. Қоғамдық ғылымдар академиясындағы дәрісінде президент екі ел ынтымақтастығына тоқталып, қазақстанның жаһандық бастамалары жайлы хабардар етті, сондай-ақ дипломат ретіндегі әлемдік саяси үрдістерге баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде Бейжіңде тілдік тағылымдамасынан өткен, дипломатиялық қызметін де осы елден бастаған. Президент академияда ұстазы Лю Шицинмен кездесіп, қысқа пікір алмасты.

Тек бейжіңде 1000 ға жуық қазақ студенті бар. Олар да президент келетін күнді асыға күтіпті.

Қытай төрағасы қазақ президентімен құрдас. Осыдан алты жыл бұрын елордада елбасымен бірге Ұлы жібек жолы экономикалық белдеуі туралы бастама көтерген. Қазір аталған жоба жемісін беруде.

Екі ел басшысы осы және өзге де әріптестікті жаңа деңгейге шығару жолдарын талқылап, бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Мемлекеттік сапар аясында тараптар 10 құжатқа қол қойды. Оның ішінде апат кезінде әуе кемелерін іздеу мен құтқару келісімі, нұрлы жол бағдарламасы мен жібек жолы экономикалық белдеуі жобасын жақындастыру меморандумы бар. Сондай-ақ қытай-қазақстан кедендері арқылы өткен тауар мен техникалар туралы ақпарат алмасу және қазақстанға грант ретінде қуатты компьютер беру туралы келісім бар.

Мемлекет басшысын бүгін сондай-ақ қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кяцян мырзамен де екі жақты кездесу өткізіп, үкімет деңгейіндегі жұмыстарды пысықтады. Президенттің қытайға сапары ертең, Ханчжоу қаласында жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:46, 16 қыркүйек 2019
АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
20:32, 16 қыркүйек 2019
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
20:49, 13 қыркүйек 2019
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
18:20, 10 қыркүйек 2019
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...