ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

16:57, 10 тамыз 2018

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Өмірзақ Шөкеев индустриалды аймақта іске асырылатын жобалармен танысты. Үкімет басшысының орынбасары өндірісіпен мықтап айналысқан кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы министрлігі қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Үкімет басшысының орынбасары, Өмірзақ Шөкеев алдымен Индустриалды аймаққа  барды.  Мұнда жүзеге асып жатқан жобалардың жайын сұрап білді.  Аумағы 400 гектарды құрайтын өндірістік алаңда бүгінгі күні 12 жоба іске асырылуда. Оның 90 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Инвестиция көлемі 1 трлн. теңге.  Индустриалды аймақта астық және майлы дақылдарды терең өңдейтін ауыл шаруашылығы хабы құрылмақ. Жоба аясында 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өнімдер   экспортқа  бағытталатын болады. 

Индустриалды аймақта инвесторлар үшін бар жағдай жасалмақ.   Жыл аяғына дейін нысанға барлық инженерлік  желілер тартылады.    Шетел инвесторлары  Қазақстанмен тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Қазақстанда  кәсіпкерлер үшін  кедендік, салық жеңілдіктері қарастырылған. 

Индустриалды аймақта МТЗ маркілі белорус тракторын  жасайтын зауыт салынбақ. Жоба  3 кезең бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорын  қуаттылығы 3 мың трактор деп белгіленген.  Қостанайда құрастырылған техника ішкі Орта Азия, еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына жол тарпақ.  Жалпы, Қостанайда  машина кластерін дамытуға ден қойылмақ.

Өмірзақ Шөкеев  Агромаш Холдинг  зауытының жұмысына жоғары баға берді. Кәсіпорын көп жылдан бері ішкі нарықты ауыл шаруашылығы техникаларымен  қамтуда. Жыл сайын өндіріс ауқымын кеңейтуде.   Үкімет басшысының орынбасары  өндіріс қуаттылығын арттырған кәсіпорындарға  мемлекет тарапынан  қолдау көрсетілетінін  жеткізді. Бұдан соң , Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қатысуымен өткен жиынға қатысты. Мұнда  агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама аясында қайта өңделген өнім көлемін 2,5 есе ұлғайту міндеті тұр.  Арман Евниетің айтуынша, жобаның еліміздің ауылдарында кооперативтік қозғалысты дамытуға серпін бермек.

Бидай өндірісімен шектеліп қалмай, өнімнің осы түрінен крахмал, кликовина, глютен, синтетикалық талшықтар шығарадын іскер кісілерге мемлекет тарапынан қолдау кеңейе түспек. Бүгінде мұндай жобалар жүзеге асырылуда.
 

Бағдарлама аясында мал шаруашылығының тиімділігін 58 пайызға, өсімдік шаруашылық тиімділігін 40 пайызға дейін арттыру көзделген.

Ішкі нарықты отандық ауылшаруашылық өнімдері және азық-түлік түрлерімен толтыру мақсатында кешенді жоспапрлар әзірленді. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілер арасында бәсекелестікті дамыту, өндірістің тиімділігін арттыру, егістіктерді әртараптандыру , шабындық жерлерді  көбейту. Алда осындай міндет тұр. Жаңа бағдарламаның басты  мақсаты –осы . Енді шаруалар оны ұтымды пайдаланып, тек аянбай еңбек етсе болғаны,- дейді ауыл шаруашылығы министрі. 

Тақырып бойынша материалдар

ЕТ ПЕН СҮТ ӨНДІРІСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСПЕК
17:08, 10 тамыз 2018
ЕТ ПЕН СҮТ ӨНДІРІСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕ ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар