ШҰҒЫЛ! АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ! Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

20:30, 20 мамыр 2019

Өндірісті өңірдің экономикасын өрге сүйрейтін тағы бір игілікті жоба! Қытайлық ірі «Lovol» компаниясы мен қазақстандық «Агромашхолдинг» арасындағы меморандум аясында «ЛовОл» маркалы трактор құрастыратын цех іске қосылды. Жоба құны – 1,6 млрд теңге. Жоба аясында 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Толығырақ.

Трактор құрастыратын цех – Қазақстан үшін тиімді бағыт.  Ел үшін елеулі жобаны  әлем нарығында 25 жылдық тарихы бар Қытайдың  «Lovol LTD» компаниясы  өткен жылы қолға алған болатын. Нәтиже - жаман емес. Бүгінгі күнге дейін құрастырылған 100 трактордың 65-і «Казагрофинанс» бағдарламасы арқылы шығарылған. Кәсіпорын жылына шамамен 3 мың бірлік тракторға дейін шығаруды  межелеп отыр. Облыс әкімі, аспан асты елінің бизнесмендеріне Қазақстан тарапынан салық және кедендік жеңілдіктер жасалатынын атап айтты.

Жаңа өндіріс ошағы ауылшаруашылығы техникасы өндірісіне мамандандырылған. Бір трактор – 35 жылқының қуатына тең. Бағасы да тиімді болмақ. 2,5 млн теңгеден 14 млн теңгеге дейін. Кәсіпорынды астықты аймақта ашу – бірінші кезекте ыңғайлы логистикасы себеп болды дейді қытайлық инвесторлар.

Жыл басынан бері мұнда 63 жұмыс орны құрылған. Ал, 3 мың бірлік трактор құрылысы басталса, 500-ге жуық адам еңбекпен қамтылмақ. Осылайша жаңа кәсіпорын  экономиканың дамуына септігін тигізіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етпек.

Қостанай қытайлық инвесторлар үшін тиімді стратегиялық әріптес саналады.  Өйткені, Ресеймен шекаралас. Өндірілген өнімнің басым бөлігі болашақта ТМД елдерінің нарығына бағытталмақ.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ОРАҚ НАУҚАНЫНА 75 МЫҢ ТОННА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БӨЛІНДІ
20:50, 19 қыркүйек 2019
ОРАҚ НАУҚАНЫНА 75 МЫҢ ТОННА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУДА
20:47, 19 қыркүйек 2019
КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНЫЛУДА
Толығырақ...
ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ ЖЫЛУ БЕРУГЕ ДАЙЫН
20:45, 19 қыркүйек 2019
ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ ЖЫЛУ БЕРУГЕ ДАЙЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
20:57, 13 қыркүйек 2019
100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
20:49, 13 қыркүйек 2019
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ
20:54, 18 қыркүйек 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН...
Толығырақ...