ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН

20:37, 21 қазан 2019

Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, 2019 жылдың 9 айының ішінде қазақстандықтар 499,8 млрд теңгеге 51 871 жаңа автокөлік сатып алған.

«Қыркүйек айында ең көп сатылатын маркалардың көш басына Hyundai тұр. Дилерлер тоғыз айдың ішінде Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨндіріс» компаниясы шығарған 1345 автокөлікті (жыл басынан бері барлығы 10 008, өткен жылмен салыстырғанда + 76 пайыз) өткізген. Toyota маркасы қыркүйек айында екінші орынға түсті (1 204, жыл басынан бері 10 524). Lada диллерлері күздің алғашқы айында 957 дана көлік сатып, үштікті қорытындылады. Екінші тоқсанда Қостанайда өндіріле бастаған Ravon сатылымы тез өсіп, өткен айда аталмыш маркамен 559 автокөлік сатылды», - делінген хабарламада. Қауымдастықтың хабарлауынша, сатылған 10 автокөліктің сегізі Қазақстанда жасалған. 2019 жылы отандық автокөліктердің ай сайынғы үлесі 50 пайыздан төмен түспей, «Қазақстанда жасалған» көліктерге сұраныс былтырғыға қарағанда 10 пайызға өскен.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...