ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Қостанайда индустриялық аймақ ашылды

20:30, 5 желтоқсан 2017

Алдағы екі жылда Қостанай қаласында металл өңдеу, химия саласында 10 ірі өнеркәсіп пайдалануға беріледі. Ал 5 жылда өндірістік салада ондаған зауыт іске қосылады. Кәсіпкерлік саланың өркендеуіне - индустриялды аймақ зор ықпалын тигізбек. Бүгін оның әкімшілік ғимараты ашылды. Инвестициялық ахуалды жақсартудағы бұл маңызды қадам. Бүгінде қытайлық, ресейлік инвесторлар Тобыл өңірінде ілкімді жобаларды жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.

Жобаны іске асыру екі кезең бойынша жүргізіледі, бірінші кезеңі 2018 жылға жоспарланған. Зауыт өнімдері ішкі нарықты  ғана емес, Орталық Азия мен Шығыс-Еуропа елдерінде де қамтиды. 

Индустриалды аймақта  инвесторлар үшін бар жағдай жасалған. Нысанға инженерлік – инфрақұрылым тартылды. Бұл шаралар мемлекет есебінен жүргізілді. Кәріз  желілерін  орнатуға  2 млрд теңгеден артық қаражат жұмсалды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады.

Ал енді   инвесторлардың міндеті- жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өнім өндіру. Бүгінде қытайлық кәсіпкерлер  көлік құрастыру өндірісіне 1 млрд 200 мың ақш долларын құймақ. 2 жыл ішінде Қостанай қаласында металл өңдеу  химия саласында 10 ірі  өнеркәсіп пайдалануға беріледі. Ал 5 жылда өндірістік салада ондаған зауыт іске қосылады. 

Ел үшін елеулі жоба  инвестициялық әлеуетті арттырып,  өндіріспен айналысамын деген іскер жандарға үлкен қолдау болмақ. Сол себепті, бизнесті тізгіндеген тұлғалар  белсенді болып, берекелі бастаманың игілігін көруге барынша талпынатыны талас тудырмайды.

Тақырып бойынша материалдар

Елді мекендерге газ құбыры тартылды
18:11, 13 желтоқсан 2017
Елді мекендерге газ құбыры тартылды
Толығырақ...
Әмбебап жылу қазандығы құрастырылды
20:39, 12 желтоқсан 2017
Әмбебап жылу қазандығы құрастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...