ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

«ҚОСТАНАЙ-СУ» КӘСІПОРНЫ ҚЫСҚА ДАЙЫН

20:48, 1 қазан 2019

«Қостанай-Су» мемлекеттік мекемесінің мамандары жылдың басынан бері кәсіпорын қабырғасында атқұарылған ауқымды жұмыстар жайлы есеп беріп, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнінде жиын өткізді. Сондай-ақ, басқосуда инвестициялық бағдарламаларды іске асыру қарқыны, көрсетілетін қызметтер сапасының сақталу барысы талқыланды.

Коммуналдық кәсіпорында 2017-2021-ші жылдарға бекітілген жоспарға сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, шаһарымыздың Карбышев, Гаврдейский көшелерінде ұзындығы 1,2 шақырмды құрайтын су құбырлары күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарына 79 млн теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ, 140 текше метрді құрайтын 3 құбыр жөндеуден өтті деген мәлімет келтірді кәсіпорын директоры.

Атқарылатын қызметтер бойынша сумен жабдықтау нысандарына меншікті қаражат есебінен 45 млн теңге, су бұру құрылыстары үшін 55 млн теңге, барлығы 100,4 млн теңге қаражат қарастырған. Тозған құбырларды жаңарту үшін және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін компанияның өз қаражаты есебінен 2019 жылы сумен жабдықтау желілері, кәріздер мен жабдықтарға ағымдағы қызмет көрсету 100 млн теңгеге жоспарланған болатын, осы жылдың 6 айындағы игеру көлемі 46,6 млн теңге болып отыр.

Еске сала кетейік, 2019 жылы жалпы құны 658 млн теңгеге жұмыс жүргізу жоспарланған. Оған ұзындығы 3,6 шақырым сумен жабдықтау желілерін қайта құру және ұзындығы 1,7 шақырым құрайтын су бұру желілері кіреді.

Айдын Шайкенов

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...