ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ – ҚОНЫСТАНУҒА ҚОЛАЙЛЫ МЕКЕН!

20:32, 9 тамыз 2019

Оңтүстіктен көш келеді, солтүстікке қош келеді! Мемлекеттің сүбелі қолдауы арқылы теріскейге, соның ішінде, Қостанай өңіріне, нақтырақ айтсақ, кеншілер қаласына көшіп кеп, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан күнгейлік тұрғындардың тәуір тұрмысына жергілікті жұрт куә.

Жалпы облыста қоныстандыру шаралары өте сәтті орындалып келеді. Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында былтыр аймаққа екі жүзге жуық отбасы өзге өңірлерден көшіп келген. Оларға баспана беріліп, тұрақты жұмыспен қамтылған. Көрсетіліп жатқан көмектен тыс, қоныстанушылар түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, табыстарын молайтуда. Бұл шара кеншілер қаласында да көңілге қонымды көрсеткішке ие.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша халық саны көп, бірақ, жұмыс орны аз түстік тұрғындарын теріскейге көшіру алдағы уақытта жалғаса бермек. Биылғы жоспар – құт қонған Қостанай өңіріне 970 күнгей азаматы мен 605 қандасымызды қоныстандыру.

Мемлекеттік бағдарламаның мардымды орындалуына тек тиісті сала мамандары ғана емес, қоныс аударушы азаматтар да айрықша үлес қосуда. Олар облысымызға өздері ғана көшіп келмей, туған-туысқандарын да тартуда. Осы орайда біз қоныстанушылармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз дегенді айтады рудныйлық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
20:34, 21 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...