ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫНА» - 55 ЖЫЛ

20:38, 14 қазан 2020

«Қостанай минералдары» АҚ құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай Жітіқара қаласында іргелі кәсіпорынның мерейтойы атап өтілді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар комбинат мерекесінде бірқатар әлеуметтік іс-шаралар көрініс тапты.

«Қостанай минералдары» АҚ-ның 55 жылдық мерейтойы шеңберінде «55 игі іс» 

атты акция ұйымдастырылды. Солардың бірі - жергілікті ақсақалдар бастамасымен жүзеге асқан Жағалбайлы руларының шежіресінен сыр шертер тарихи ескерткіш. Тас тұғырдың ашылу салтанатында кәсіпорынның басқарма төрағасы өз лебізін білдірді.

Кезекті келелі істің бірі – салауатты өмір салтын ұстанатын спорт сүйер қауымға, соның ішінде, жеңіл атлеттерге арналған жүгіру жолағының салынуы. Оның ұзындығы - 1 шақырым 200 метр. Моноқаладағы маңыздың нысанның қолданысқа берілуін тұрғындар да, тізгін ұстаған тұлғалар да қуана қабылдады.

55 игі іс акциясы аясында көрініс тапқан шаралардың бірі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Осы орайда шағын әдеби кеш ұйымдастырылып, жастар Абай әндерін орындап, шығармаларынан үзінді оқыды. Осылайша бірнеше игі шара бір арнада тоғысып, кәсіпорынның кезекті мерейтойы тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...