ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ: ӨНДІРІС КӨЛЕМІ АРТҚАН

20:57, 14 қазан 2019

Жітіқарадағы “Қостанай минералдары” акционерлік қоғамына биыл 54 жыл толды. Бұл кәсіпорын әлем елдеріне хризотилді асбест өндірумен танымал. Өндірісті жетілдіруге айрықша көңіл бөлген комбинат жаңа технологияларды енгізіп, жұмыс жүйесін толық автоматтандырған. Кәсіпорынның өнімі қазіргі күні алыс-жақын шетелдің нарығында үлкен сұранысқа ие. Жұмысшылардың тұрмыс жағдайын жақсарту да басшылықтың басты назарында.

Хризотил асбест өндірумен айналысатын «Қостанай минералдары» акционерлік қоғамы әлемнің бірнеше қуатты мемлекеттерін шикізатпен қамтамасыз етіп отырған еліміздегі іргелі кәсіпорын. 54 жылдық тарихы бар комбинаттың жетістіктері мен белестері туралы Басқарма төрағасы Ербол Нұрқожаев тәптіштеп айтып берді. Әлемдегі түрлі нарықтық қиындықтарға қарамастан, биылғы жыл өндіріс орны үшін табысты болды. Экономикалық көрсеткіш жақсарып, экспорт көлемі артқан.

Әлем елдеріне асбест өндірумен танымал алпауыт кәсіпорында 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Шикізат базасы мен темір рудасын дамыту, кен өндірісін автоматтандыруға баса мән берілген мұнда. Қазір кен байыту комбинаты соңғы технологиямен жұмыс істейді. Техникалық жарақтандыруға қомақты көлемде қараджат жұмсалған.

Өнімді өтімді тауарға айналдыруда ұзақмерзімді стратегиялық жоспар дайындалған. Бүгінгі нарық талабына сәйкес кен кәсіпорынын дамытудың экономикалық және инвестициялық мәселелесіне ден қойылған.

Өлкенің экономикалық-әлеуметтік дамуына да өндіріс орыны ерекше үлес қосып отыр. Стратегиялық жоспарлардың арқасында қиындықтарды еңсерген кәсіпорын заманауи үрдістермен бірге нық қадам басып, хризотил талшығын өндіруде Қазақстандағы алып өндіріс ошағына айналуда. Комбинаттың 54 жылдығына ұйымдастырылған салтанатты шарада концерттік бағдарлама әзірленіп, үздік жұмысшылар марапатталды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...