ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

20:11, 4 ақпан 2020

Қостанай қаласының басшысы Қайрат Ахметов өткен жылды қорытындылады. Облыс әкімінің қатысумен өткен алқалы жиында, қаланың 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші сараланып, алдағы күннің жоспары бекітілді. Былтырғы жылы облыс орталығында жаңа жобалар іске асып, қосымша жұмыс орындары ашылды. Жалақы мөлшері өсті. Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, бірнеше шақырым жолдар жөнделді.

Облыс орталығының  тізгінін қолына алған Қайрат Ахметов  өз баяндамасын жетістіктерді сараптаудан бастады. Әкімнің айтуынша, былтырғы жыл  бас шаһар үшін жаман аяқталмапты. Әсіресе, өнеркәсіп саласы үшін аса қолайлы болған. Бір жыл ішінде Қостанайда 450 млрд  теңгенің өнімі өндірілген. Негізге капиталға құйылған инвестиция 84 млрд теңгеден асты.

Қостанайда машина құрастыру ісі мен тамақ өнеркәсібі  қарқынды даму үстінде. Құрылыс материалдарын, кондитерлік өнім шығаратын өндіріс орындарының жұмысы да өрге басып келеді. Облыс орталығының мақтанышына айналған кәсіпорындардың өнімдері шет ел нарығына экспортталуда.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов  жүктеген тапсырмалардың бір парасы Екінші Қостанай шағын ауданын газдандыруға қатысты болды. Аймақ басшысы активте жергілікті  халықты  көгілдір отынмен қамтуда қаржы бөлінетінін жеткізді. Тұрмысы төмен отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға айрықша  мән берілмек.  Көп балалы отбасыларға 50 пәтер сатып алу үшін қала қазынасынан 569 млн теңге қарастырылған. Қала  өміріндегі жағымды жаңалықтар мұнымен шектелмейді.  Білім беру нысандарында   жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.   Алдағы 3 жылда жаңа шағын аудандарда  жаңа мектептер бой көтереді. Қостанай қаласындағы нөмірі  4- ші, 6- шы, 19 мектеп жаңартылады. 2020 жылы «Юбилейный» ықшам ауданында 1200 орынға есептелген мектептің құрылысы жалғасады.  Шаһарда шешімін күткен мәселелер жетіп артылады.  Соның бірі-Қостанайдағы жолдардың сапасы. Қала көшелерінің біразы  былтыр ресайклинг әдісімен  жөнделді.

Жолдарды  қыста қардан уақытылы тазартудың өзі үлкен мәселеге айналып отыр. Тұрғындардың сөзінше, коммуналдық мекемелер өз жұмысына селқостық танытуда. Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов бұл проблеманы үнемі назарда ұстап отырғандығын айтты. Облыс орталығында  атқарылған игі істер әкімнің көңілінен шықты. Әлі, алда іске асырылатын тың жобалар мен жұмыстар көп.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар