ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙ АУДАНЫНДА 43 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

20:48, 17 наурыз 2020

«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы елдегі кәсіпкерліктің көркеюіне жаңа дем, жаңа серпін берді. Халық игілігі үшін бұл бағдарлама аясында әлі де тың мүмкіндіктер жасалуда. Қостанай ауданында мемлекет жәрдемінің арқасында шағын бизнес нысандары көптеп ашылуда. Былтыр «Қос Қолдау» бағдарламасы аясында 250 миллион теңге игеріліпті. Биыл да бірнеше инвестициялық жобалар пайдалануға берілмек.

Мемлекеттік бағдарламалар  кәсіп ашуға жағдай жасайды. Тек еңбек, ниет,  ұмтылыс болса болғаны.  Біздің кейіпкеріміз   жас кәсіпкер Данияр Әлімнің пікірі осындай.  Үкіметтен қолдау тапқан іскер азамат  кәсіпкерлік бойынша курстарды тәмамдап, бизнес-жоспар құрған. Нәтижесінде, 6 млн. теңге көлемінде несие алып,  Заречный ауылында   дүкен ашуға бел буды.

Тұрақтандыру қорымен келісім-шартқа отырған   жас кәсіпкердің ісі өзгелерге үлгі.  Тұтастай алғанда, «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы  Қостанай ауданында да нәтижелі атқарылуда. Оған мына көрсеткіштер  дәлел. Бағдарлама іске асырылғаннан  бері өлкеде  жалпы құны 9 миллиард тенге болатын 200 - ге жуық кәсіпорын  іске  қосылыпты. Ал былтыр ауданда  барлығы 174 бизнес-жоба мемлекеттік  бағдарламалар бойынша қаржылай қолдауға ие болса, олардың    23-і  субсидия алып,17-бизнес жобаға кепілдік берілді. Мұнан тыс тағы да екі кәсіпкер  несие-грантқа  ие болды.

Қазір ауданда 4 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысаны тіркелген.   Биыл олардың қатары толыға түспек.  43 бизнес-жоба  жүзеге асырылмақ. Бұл жаңа жұмыс орындарын  құрып, өңірде кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал етері сөзсіз.  

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...