ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ҚОРЫТЫНДЫ КӨРСЕТКІШТЕР КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ

20:39, 14 қазан 2019

Ағымдағы жылы 45 селолық әкімдіктердің бюджеті айтарлықтай өскен. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 14,7 пайыз. Қазына қоржыны салық, айыппұлдарды өндіруден жиналған, жарнамадан түскен және ерікті жарналармен толыққан. Дегенмен, бірқатар аудандарда жылжымайтын мүлік пен жер телімдерін тіркеу жұмыстары сылбыр екендігі белгілі болды. Ал, ауданның дамуы, бюджетінің толығуы осы түсімдерге тікелей байланысты. Селқостық танытқан әкімдер қызметімен қош айтысуы керек деді кейбір әкімдердің жұмысын сынға алған өңір басшысы.

Екі жылдан бері өңіріміздің 45 ауылдық округінде өз бюджеттері жасақталғаны белгілі. Оның басым бөлігі түрлі салық көздері, жарнамадан яғни, түрлі билбордтар ілу сынды табыс көздері, коммуналдық төлемдер және айыппұлдардан жинақталған қаражат. Барлығы да ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталады. Екі жыл ішінде бюджет өсімі 14 пайызға дейін өскен. 9 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің толықтыруда көш бастап тұрған – Бейімбет Майлин ауданына қарасты селолық округтер. Бюджет кірісі 100 пайыз орындалған. Одан соң 92,3 пайызды құраған Қостанай ауданы мен Ұзынкөл ауданы. Дегенмен, жайбасарлық танытып жүрген бірқатар әкімдер де сынға ілікті. Жиында айтылған кемшіліктерден қорытынды шығару керек. Ауылға қайтқасын, селқостықтан арылып, нақты іске кірісу керек деді өңір басшысы.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...