ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

13:00, 14 мамыр 2019

Қостанай облысына соңғы 2 жылда еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінен 60-қа жуық отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша көшіп келді. Қоныс аударушылар жаңа мекенде тұрақты жұмыс тауып, жайлы баспанаға ие болуда. Сонымен қатар, өңірдегі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың орнын толтыруда. Астықты аймаққа көшіп келушілер келешекте де арта түспек.

Қансейітовтер отбасының бұл ауданға көшіп келгеніне бір-екі жыл ғана болған. Алайда, жаңа мекендеріне тез үйреніп алған. Мемлекеттік бағдарламаны ұтымды пайдалана білудің арқасында қазір ауласы төрт түлікке толған олар бұл қол жеткен табысымен шектелмек емес. Алған 6 пайыздық несиемізді өтеп болған соң, мал басын мұнан да көбейте түсуді  жоспарлап отырмыз дейді олар.

Теріскейге түстік тұрғындарын өз еркімен қоныстандыру жұмыстары Әулиекөл ауданында қарқынды орындалуда. Оларға жалдамалы үй қарастырылады. Коммуналдық төлемі өтеледі. Жұмыс орындары белгіленеді. Көші-қон шығыны үшін 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік қаржы бөлінеді. Одан бөлек адам санына байланысты үй сатып алуға, жалдауға жәрдем жасалады.

Биыл Тимофеев ауылына Түркістан облысынан тағы 2 отбасы көшіп келмек.  Қоныс аударушылар көбіне өз қалаулары бойынша ауылдық жерлерді таңдайды екен. Ал, 2021- жылға дейін облысқа 10 мың отбасын көшіріп әкелу жоспарланған. Онда аймақ тұрғындарының саны ең кемінде  40 мыңға көбейеді деген сөз.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЕРЕК
20:37, 24 мамыр 2019
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ АЛҒЫСЫ ЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...