ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

20:54, 11 наурыз 2020

Егістікті әртараптандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыра отырып, оларды өңдеуді көбейту. Облыс диқандары биыл алдарына осындай мақсат қойып отыр. Шаруалар мемлекеттен жеңілдетілген бағамен жанар-жағар майға қол жеткізіп, тыңайтқыштар мен тұқымға бөлінген субсидиялардың арқасында мол өнім алуға мүдделі.

Қалыптасқан дәстүрге сай, жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстарының әзірлігін   пысықтауға арналған жиынға еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі мен агроөнеркәсіп саласының  өкілдері қатысты. Басқосуда алғашқы болып сөз алған өңір әкімі өткен жылдың қорытындысына қысқаша тоқталып өтті.

2019-шы жылы облыста 391 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Мұндай нәтижеге мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілгенін айта кеткен жөн. Осы орайда былтыр, облысқа 33 млрд теңге бөлінген. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,2 млр теңгеге көп деген сөз.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 2015-ші жылдан бері майлы дақылдар тұқымының экспорты 38% өскен. Қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс өнімділігі 2 есе, ал осы саладағы экспорт 8 есе артқан. Биылғы жылға қойылып отырған басты меже де осы. Өнімді сыртқа саудалау көрсеткішін көбейту және шет мемлекеттермен әріптестік қарым-қатынасты нығайта түсу. Сондай-ақ, егіс алқаптарын әртараптандыруды қолға алу.

Биыл өңірдегі көктемгі дала жұмыстарына және орақ науқанына аграрлы-несиелік корпарациясы АҚ арқылы 70,5 млрд теңге бөлініп отыр. Осы жылдың егіс науқанына 22 мың 970 трактор, 132 дән себу кешені жұмылдырылмақ. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы техникаларының әзірлігі 99 пайыз.  Дән себу жұмыстарына 71 мың тонна жанар-жағармай бөлінбек. Сонымен, биыл 5,2 млн гектар алқапқа дән себілмек. Оның 3 млн 850 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі. Демек, кейінгі аталғандардың алқабы 700 мың гектарға көбейтіліп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...