ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА 70 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

20:32, 2 сәуір 2020

Елде енгізілген Төтенше жағдай режимінен диқандар еш зардап шекпеулері тиіс. Осы орайда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау шаралары артпақ. Бұл біріншіден, алдағы көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруаларды несиелендіруге қатысты. Егін егу жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қомақты қаражат бөлінеді.

Көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай өткізу. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы жасаған мәлімдемесінде осындай  тапсырма берген болатын.  Бұл  мақсатқа  Аграрлық несие корпорациясы 70 млрд теңге бөліп отыр. Оның 17 млрд. теңгесі аймақ аграрийлеріне бағытталған. Бүгінде осы соманың 10 млрд. 600 млн. теңгесі диқандарға беріді. Мұның сыртында  4 млрд теңге көлемінде  қосымша 100-ге жуық өтініш мақұлданды.

Шағын шаруа қожалықтары да жәрдемсіз қалмайтынын жеткізді облыс әкімі. Мұндай серіктестіктердің саны өңіре 6700 ден асады. Егншілік ісін қолға алған диқандар үшін дизель отының құны   биыл 165 теңге деп белгіленген. Жеңілдетілген бағамен 390 мың тонна жанар жағармай бөлінеді.

Жалпы биыл  егіс науқанына 23 мыңға тарта трактор, 132 дән себу кешені жұмылдырылмақ. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы техникаларының әзірлігі 99 пайыз. Биыл 5,2 млн гектар алқапқа дән себілмек. Оның 3 млн 850 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
20:29, 27 мамыр 2020
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...